«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫССЫЗ КӨРСЕТІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тұрғындардың өз еркімен қала құрылысы мен сәулет талаптарына сәйкес келмейтін нысандарды салуы, берілген жерлерді жобадан тыс мақсат үшін пайдалануы мемлекеттік қызмет көрсетуге қиындығын тигізеді. Бұл жөнінде Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Серік Сабыралин орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Аталмыш бөлім тұрғындарға бес мемлекеттік қызмет түрін тегін ұсынады. Қызмет алушымен тікелей байланысты шектеу үшін өтініш қабылдау және нәтижесін беру іс-шаралары “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылатын болған. Үстіміздегі жылы эскиздік жобаны келісуден өткізу, құрылыс және қайта құру жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну қызметтері толығымен электрондық форматқа көшірілген. Соңғы қызмет түрі тұрғындардың ең көп сұранысына ие.
– Бастапқы материалдарды ұсыну бойынша жыл басынан бері бір мыңға жуық қызмет көрсетілді. Жылжымайтын мүліктер мекенжайын анықтау бойынша анықтама қағаздары да көп сұратылады. Биыл құрылыс жүргізу үшін жер телімін беру қызметі 80 рет көрсетіліп, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге қатысты – 15, қайта жоспарлауға қатысты 298 шешім берілді. Қазіргі күні тұрғындардың барлық қызмет түрлерін “электронды үкімет” веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі бар. Қызмет алу жолдарын түсіндіру үшін арнайы “Ашық есік” күндері өткізіледі. Түсіндіру ақпараттары әкімдік сайтында да бар. Интернет пен электронды-цифрлы қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу кез келген адам үшін қиындық турдырмайды. Ең бастысы бұл жаңашылдықтар сыбайлас жемқорлықтың орын алу қаупін жойып отыр, – деді құрылыс бөлімінің басшысы.
Серік Сабыралиннің айтуынша, қала тұрғындарының өз еркімен қала құрылысы мен сәулет талаптарына сәйкес келмейтін нысандарды салуы, берілген жерлерді мақсатсыз пайдалануы мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету кезінде сәйкессіздіктердің орын алуына және қызмет көрсету мерзімінің ұзаруына әкелуі мүмкін.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp