«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ИВАН ЗЕНЧЕНКО» ЖШС-ге БАРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарын Аққайың  ауданы Рублевка ауылындағы «Иван Зенченко» ЖШС-ден бастады.

Қазақстан Президенті сүтті тағамдар өндіретін ферманың толық айналымдағы жұмысымен  танысып, астық жиналып жатқан егістік алқабын аралап шықты және механизаторлармен әңгімелесті.
Нысанды аралау барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысына өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы баяндады. 
Кәсіпорын директоры Геннадий Зенченко Мемлекет басшысына өндірілетін өнімдер мен өткізу нарығы, соның ішінде тауардың Ресейге экспортқа шығарылуы жөнінде айтты. Ол сондай-ақ, компанияның ауылдық округтегі әлеуметтік саланы дамытуға зор көңіл бөліп отырғанын мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның жұмысы мен экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

http://www.akorda.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp