“Петропавл жылу желілері” ЖШС-і жылу беру маусымын бастауға әзірлігін жалғастыруда. Энергетиктердің айтуынша, биылғы жылы қаланың жылумен қамту жүйесін іске қосу кезіндегі тұрғын үй қорының дайындығы 93 пайызды құрамақ. Қазіргі күні Петропавл қаласының 1084 көппәтерлі тұрғын үйінің 910-ы жылу беру маусымына дайын. 93 үйдің техникалық әзірлігі ресімделу үстінде.
– Осы уақытқа дейін үйлерін қысқа дайындап үлгермегендер асығуы тиіс. Ол үшін қарапайым ғана талаптарды – жылыту жүйесін жуып, нығыздау жұмыстарын орындау қажет. Дайындық паспортын алған нысандар “Севказэнергосбыт” ЖШС-іне жылумен қамтамасыз етуге қосылуға өтінім бере алады. Петропавл қаласы әкімдігінің ресми қаулысы шыққаннан кейін бірден 2019-2020 жылғы жылыту маусымы басталады. Алдымен жылу жүйесіне балабақшаларды, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандарды, содан кейін бекітілген бағдарламаға сәйкес тұрғын үй нысандарын қосуды бастаймыз. Маусымға уақтылы дайындалған үйлер жылу қосу кезінде басымдыққа ие болады. Соңғы кезекте қысқа кешігіп әзірленген тұтынушылар қосылады, – дейді “Петропавл жылу желілері” ЖШС-і бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженер Виталий Холоша.
Сурет https://online.zakon.kz сайтынан алынды.