«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕҢЕС ӨТУДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ауыл және агроөнеркәсіп кешенінің дамуы талқыланған республикалық кеңес өтіп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ауылдар мен ауыл шаруашылығын дамытуда үстіміздегі жылдың 8 айында атқарылған жұмыстарын баяндады. 

Баяндама барысында белгілі болғанындай, министрлік ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға басымдық беріп отыр. 2015 жылдан бері жүйелі жүргізілген тексерістің арқасында пайдаланылмай келген 12,8 млн. гектар ауыл шаруашылығы жері анықталған. Ал Қызылжар ауданындағы «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченко өз шаруашылығының жұмысымен таныстыра отырып, ауылды дамытуға қатысты ойын білдірді. Өз сөзінде кәсіптік техникалық білім беретін оқу орындарында мамандарды даярлау сапасына мән беру керектігін айтып өтті. Себебі, уақыт сұранысына сай заманауи техника сатып алып, үздік технологияны тәжірибеде кеңінен қолданып жүрген агроқұрылым иелері ескірген материалдық-техникалық базаның негізінде білім алған жас мамандардың біліктілігіне көңілі толмайды.  

Кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев контрафактілі өнімдерді өндіруге қатысты өз ойын білдірді. Контрафактілі өнімдерді шығарушылармен күресте әрекетсіздік таныту да қылмыс екенін айтты. Осы орайда жауапты ведомство Президентке және бұл қылмыстан зардап шегіп отырғандарға жауап беруі тиіс. «Біз тауар өндірушілердің мүддесін қорғай алмай отырмыз», деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар білікті мамандарды даярлауға қатысты айтылған сынның орынды екенін атап өтті.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp