«Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде дамыту. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек», – деген Мемлекет басшысы ауылды жерлерге мамандарды тарту үшін «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын айтып өтті. «Ауыл тұрғындары да, әкімдер де қаржыландырудың аз екенін айтуда. Сол себепті, мен бағдарламаны қаржыландыру көлемін 2020 жылдан бастап 20 млрд. теңгеге дейін жеткізу шешімін қабылдадым», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Петропавлда өткен кеңесте.