Жамбыл ауданындағы Айымжан ауылында қайғылы оқиға орын алды. Иесіз қалған аумақта шөп жинап жүрген 47 жастағы ер адамның үстіне бетон қоршау түсіп кетті. Алған жарақатының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Кейін белгілі болғандай, қаза тапқан адам туыстарына шөп жинасуға көмекке келген екен. Жұмыс істеп жүріп абайсызда бетон қоршауға тиіп кеткен болуы мүмкін. Ол жерде ерте кезден тұрған қоршау үстіне құлап кеткен.