«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БУККРОССИНГ БАСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматылық «SOCIAL DEVELOMPENT CENTER» қоғамдық қоры ел бойынша буккроссинг акциясын бастады. Шара аясында Қазақстанның 17 қаласына 57 кітап сөресін орнату жоспарланған. Акцияны ұйымдастырушылар Петропавл қаласына келді.

 Алматылық «Soushl Welkman sentr» қоғамдық қоры бұл акцияны өңір әкімдігімен бірлесе ұйымдастырады. Бұған дейін әлеуметтік шара еліміздің 7 қаласында өтті. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында буккроссинг 5 жерде, ал қалған өңірлердің әрқайсысында 3 мекеменің қабырғасына орнатылмақ. Кітап сүйер қауым кітап алмастыру үшін Петропавлда М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ге, Қазақстан халқы ассамблеясына және жастар ресурстық орталығына келе алады. 
 «SOCIAL DEVELOMPENT CENTER» қоғамдық қорының бас маманы Нұрислам Исмаил: «Буккроссингті орналастырудағы мақсатымыз – қазақстандықтарды кітап оқу, кітап алмасу мәдениетіне үйрету. Бұл жоба аясында біз барлық кітапты сатып алып жатырмыз” – дейді. Осы күнге дейін олар мыңдаған кітап сатып алыпты. 
 Ұйымдастырушылар қала тұрғындарының белсенділігіне жақсы баға беріп отыр. Олар шараға жақсы қолдау көрсеткен көрінеді. Өңіріміздегі жалғыз жоғарғы оқу орнының қабырғасындағы буккроссингке 3 тілде 150-ден астам кітап қойылыпты. Шараға келген студенттердің қарасы қалың болды. Солардың бірі – Аяна Дзортова М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенттік жастар комитетінің мүшесі екен. «Осындай акция болатынын естіп, қуана-қуана келдім. Себебі, өзім шетел әдебиетін сүйіп оқимын. Өзім оқып болған «Ключ» атты кітабымды алып келдім. Осы жерден Стивен Кингтің шығармаларын тауып алсам, мен үшін ең қуанышты сәт сол болар еді», – дейді ол.
 Алматылық «Soushl Welkman sentr» қоғамдық қоры бұл акцияны ел көлемінде алғаш рет өткізіп отыр. Ұйымдастырушылар Қызылжардан кейін Қостанайға сапар шегіп, әлеуметтік акция аясында тұрғындарды жаңа кітаптармен қуантпақ.

 http://petropavltv.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp