«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСӨСПІРІМ ҮШІН АТА-АНА ЖАУАПТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық полиция басқармасында 68 қолайсыз отбасы есепте тұр. Олардың 49-ы және 47 жасөспірім есепке биыл алынған.

Ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушеваның айтуынша, балалардың үйден кетуінің алдын алып, оларды оқу процесіне үздіксіз қатыстыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта соңғы он күннің ішінде полицейлер қала мектептерінде “дөңгелек үстел” отырыстарын, сурет салу бойынша байқаулар, құқықтық дәрістер және оқушылар мен олардың ата-аналарын қатыстыра отырып спорттық эстафета ойындарын ұйымдастырды. Ал психологтар олармен әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізді. Мұндай шаралар оқу жылының соңына дейін жалғасады.
Жыл басынан бері облыс орталығында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта көше кезіп, көңіл көтеру орындарында жүргені үшін олардың 688 заңды өкілі, ал спирттік ішімдік ішкені үшін 70 ата-ана жауапкершілікке тартылды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp