«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАС – “ХУМО”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Шайбалы хоккейден ашық ел біріншілігі аясында жергілікті “Құлагер” командасы сырт алаңда “Алматымен” кездесті. 

Алматы қаласындағы “Halyk Arena” спорт кешенінде өткен кездесудің алғашқы ойынында айдын иелері есеп ашты. Бұдан соң жерлес шабуылшы Станислав Логинов мергендік танытып, есепті теңестірді. Екі минут өтер-өтпес уақытта алматылықтар тағы да алға шықты. Сәлден соң Станислав Логиновтың берген шайбасын қорғаушы Дамир Рамазанов қақпаға тоғытты. Ойынның негізгі бөлігі тең аяқталғандықтан овертайм жарияланып, жерлесіміз Илья Ахметов қарсылас команданың қақпашысынан айласын асырды. Есеп – 3:2.

Келесі күнгі қарымта кездесуде жерлестеріміздің жолы болмады. Алматылықтар белсенділік танытып, Дмитрий Хозяшевтің қақпасына қатарынан жауапсыз екі шайба салды. Осылайша, ойын 0:2 есебімен аяқталды.
Қоржынында 7-і ұпайы бар қызылжарлықтар турнир кестесінде алтыншы орында келеді. Бүгін Ташкентте жерлестеріміз біріншіліктің жаңа командасы – “Хумомен” кездеседі.
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp