Қазақстан халқы тілдерінің XXI облыстық фестивалі аясында тілдерді оқыту орталығында “Тілдарын” республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтуде.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту, үш тілді жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге этностардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға 18-22 жас аралығындағы аудандық, қалалық байқаулардың еңімпаздары қатысуда.
Олимпиада барысында қатысушыларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде экранда көрсетілген мәтін, сурет немесе бейненің мазмұнын толық ашуға, мәтінге ілеспе аударма жасауға, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларын орындауға, тақырып бойынша эссе жазуға тапсырмалар беріледі. Қазылар алқасы үміткерлердің үш тілді меңгеру деңгейіне, жазу сауаттылығы мен жұмыстың сапасына, мазмұнына ерекше мән беретін болады.
Облыстық олимпиада жеңімпаздары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.