Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (26-0, 21 KO) келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы “Qazaq promotions” компаниясының “Instagram” әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланды.
Отандасымыз 26 қазан күні намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) қолғап түйістіреді. Алматы қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақтағы «WBO International» белбеуі сарапқа салынады.
34 жастағы Уолтер Каутондоква Африкада «Жендет» деген лақап атпен жақсы танымал. Кәсіпқой бокста 2013 жылдан бері жүр. Жалпы 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 16 кездесуді нокаутпен аяқтаған. Бүгіндері «WBO» нұсқасы бойынша үздік 10 боксшының тізіміне кіреді. Намибиялық 2018 жылы орта салмақтағы «WBO» чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17 КО) жұдырықтасқан болатын.