“Жастар саламатты өмір салтын ұстанады” қоғамдық бірлестігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында маусым айынан бері ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның басты мақсаты ауыл тұрғындарына шағын гранттар беру арқылы оларды әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге қатыстырып, белсенділіктерін арттыру болып табылады. Жоба басталғаннан бері Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада үкіметтік емес ұйымдар үшін ақпараттық сайт әзірленіп, оларға гранттар бойынша жан-жақты ақпарат ұсынылды. Болашақ ауыл кәсіпкерлері семинарларға қатысып, өз жобаларын қорғады. Бастамашыл топтар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында өткен “Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі” атты шағын гранттар конкурсында үздік жоба иелері анықталды. Кітапхананың коворкинг орталығында жобалардың тұсауы кесіліп, конкурстық комиссияның мүшелері өз ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Конкурс қорытындысы бойынша үш жеңімпазға 700 мың, 600 мың және 400 мың теңге көлемінде гранттар берілді.