Қыркүйектің 18-і күні Петропавл қаласындағы Смирнов көшесінің бойындағы 51-ші үйде орналасқан орналасқан автокөлік жуу бекеті өртенді.
101 телефонының пультіне ғимараттың төбесінен түтін шығып жатқаны туралы хабар түсісімен, Петропавл қалалық №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 5 минуттың ішінде жетіп, әлі тарала қоймаған қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті. Жарты сағатқа жетер-жетпес уақытта өрт толығымен сөндіріліп болды.
Тілсіз жаудың салдарынан автокөлік жуу бекетінің төбесіне зақым келді. Бірақ өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде автожуу мен оның жанында орналасқан дәмхана ғимаратын сақтап қалудың сәті түсті.
Өрт себептері мен келген материалдық шығын көлемі анықталуда.