ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН БАСЫЛЫМ
“Soltústik Qazaqstan” газетінің ғасырлық тойына әзірлік бағдарламасы аясында редакцияда өткен кездесуде Қызылжар қаласындағы іргелі оқу орындарының бірі – әл-Фараби мектеп лицейінің директоры Күлімкөз Смайылова да болды. “Өзіме көрсетілген осындай құрметке қатты толқып тұрмын”, – деді ол табалдырықтан аттар-аттамаста.