«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.10.2019

СІБІР ЕЛІГІН АТЫП АЛҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Облыста заңсыз аң аулаудың алдын алу және экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында ұйымдастырылған “Браконьер” жедел алдын алу шарасының аясында 60-тан астам заң бұзушылық анықталды.

ESKERTÝ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

БҮЛДІРШІНДЕР ҚУАНЫШЫ

  Облыстық қуыршақ театры оты­зын­­шы маусымды тұңғыш рет қазақ ті­лінде “Сақ болыңдар, бауырсақ­тар” атты ертегімен ашты. Қойылымды алғашқылардың бірі болып “Алтын бесік” және “Салтанат” балабақша­ла­рының тəрбиелену­ші­ле­рі тамаша­лады.  Аталмыш спектакль орыстың “Ко­лобок” ертегісі желісімен жа­зыл­ған. Қуыршақ театрының көркемдік же­тек­шісі Мейрам Сексенбаев туындыны қазақ тіліне ауда­рып, Ресей ре­жиссері Андрей Ме­лентьевпен бір­лесіп əзірлеген. “Бә­рімізге белгілі ер­тегіде бір ғана …

БҮЛДІРШІНДЕР ҚУАНЫШЫ Read More »

КЕДЕЙЛІК ШЕГІ АНЫҚТАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2019 жылғы 4-тоқсанға арналған кедейлік шегі 20 607 (жиырма мың алты жүз жеті) теңгені құрағанын хабарлайды.   Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы. 

ҚАНАТ СӘРСЕМБАЕВ БАСҚА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып істеген Қанат Сәрсембаев тағайындалды. Ол қазір 41 жаста. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “Халықаралық құқық” мамандығы бойынша білім алған. Мемлекеттік кірістер министрлігінде, Президент әкімшілігінде жұмыс істеді.Облыс әкімі Құмар Ақсақалов қызметі жоғарылаған әріптесіне сәттілік тіледі. http://petropavltv.kz 

НАН ҚЫМБАТТАЙ МА?

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нан бағасы қаншаға қымбаттайтынына қатысты болжамын айтты. 

ҚАЛАМ

    Қалам жазбай қалды. Лаура ашуланып, оны лақтырып жіберді. Ол екпінімен сағаттың жанына барып құлады. Сағат көзін ашып: – Әрі жүр! – деп ұрысты. – Уақыттан жаңылып қаламын.  Қалам әлденеге сүрініп, кілт тоқтады. – Байқа! – деді Сіріңке көзін алартып. – Бұ жерде неғып жатырсың? – Қазір ошаққа от жағуым керек. Қалам қолын бір …

ҚАЛАМ Read More »

ҚАРАҚАТ

  Айжанның анасы тосап қайнатпақ болып, базардан қарақат әкелді. Келген бойда Айжан екеуі қарақатты тазалауға кірісті.  Бір кезде Айжан анасынан:  – Мұны неге “қарақат” дейді? – деп сұрады. – Неге болушы еді? Түсі қара болған соң “қарақат” дейді, – деді анасы. – Білем ғой… “Қара” деген – қара. Ал “қат” деген не? – “Қат” деген …

ҚАРАҚАТ Read More »

АДАЛДЫҚ АДАСТЫРМАЙДЫ

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына белсенді қатысатын студенттердің ата-аналары марапатталуы мүмкін. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Casual Fraiday” үлгісінде кездесу өткізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ернар Баянғазин осындай ұсыныс айтты. Кездесу барысында Ернар Баянғазин өңірімізде жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмысқа тоқталса, жоғары оқу орнының ректоры Серік …

АДАЛДЫҚ АДАСТЫРМАЙДЫ Read More »

КҮШІК ПЕН МЫСЫҚ

  Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп:   – Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті. – Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, – депті күшік. Қасқыр: – Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті. Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің …

КҮШІК ПЕН МЫСЫҚ Read More »

ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Шара барысында департамент қызметкерлері қаламгердің өмірімен және шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алды.

БІР ЖЫЛДА ЕКІ РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Жерлесіміз, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров Гавай аралдарының Кайлуа-Кона қаласында супертриатлоннан жалауы желбіреген “Ironman 140.6″ әлем біріншілігінде өз жас дәрежесінде жеңімпаз атанды.“Astana Pro Team” кәсіби велокомандасының бас менеджері 45-49 жас аралығындағы топта сынға түсті. Жарыс бағдарламасына сәйкес, триатлоншы 3,8 шақырымға жүзу, 180 шақырымдық веложарыс және 21,1 шақырымға жүгірді. Александр бірінші кезеңді 1:09:06 уақытта еңсерді. Веложарыс …

БІР ЖЫЛДА ЕКІ РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ Read More »

ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҒУ МҮМКІНДІГІ

Өткен аптада әлемде білім беру жүйесін тұрақты дамытып, тиімділігін арттыру арқылы білімді халықаралық деңгейге көтеруге ықпал ететін Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті. Былтыр 39 елде тәжірибе алмасуға, қоғамды жоғары оқу орындарына, жалпы білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістерден хабардар етуге бағытталған 1400-ден астам іс-шара өткізілген жаһандық бастамаға биыл М.Қозыбаев атындағы СҚМУ де қатысты. Осыған орай университте …

ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҒУ МҮМКІНДІГІ Read More »

АҒАЙЫННЫҢ ЖЫЛЫ АЛАҚАНЫ

  Елімізде оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірушілердің саны күн санап артуда. Бағдарлама бастау алған үш жарым жылдың ішінде облысымызға көшіп келгендер саны он мыңнан асты. Жамбыл ауданының Пресноредуть ауылына қоныс аударғандар да бүгінде тұрмыстарын түзеп, ел қатарлы тұрып жатыр.  Өзгелер сияқты ерлі-зайыпты Арман Асылханұлы мен  Майраш Асылбекқызына өсіп-өнген орта­ны қиып, бейтаныс жерге қоныс аудару …

АҒАЙЫННЫҢ ЖЫЛЫ АЛАҚАНЫ Read More »

АМАНЖОЛ АЖАЛ ҚҰШТЫ

Түркістан облысы Арыс қаласы маңындағы полигонда оқ-дәрі бөлшектерін жою кезінде оқ-дәрі жарықшағы жарылып, салдарынан әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор Аманжол Ақышев қаза тапты. Мамлют ауданындағы Афонькино ауылында дүниеге келген жерлесімізді туған-туыстары мен қызметтес әріптестері ақтық сапарға шығарып салды.

БЕСКӨЛДЕГІ БӘЙГЕ

Қызылжар ауданындағы “Құлагер” ипподромында жазғы ат жарыстары маусымының жабылу салтанаты өтті. Ұлттық ат спорты маусымының жабылуына арналған сайыстарға 20-дан астам шабандоз қатысты. Олар жорға, құнан жарыстарда, ұшқыр және аламан бәйгеде сынға түсті. 

БАСТАҒАН ДА ТАСТАҒАН

  Есіл ауданындағы Тауағаш ауылын облыс жұртшылығы жақсы біледі. Бұл ауыл – өзге елді мекендердей емес, орнынан жыл­жымай, ешқайда көшпей отырған, дің­гегі берік, іргелі қазақ ауылы. Басқа жердің тұрғындары көшіп жатқанда бұлардың тұрақтап қалға­ны­на жұрттың бәрі таңғалады. Көшпейтін себебі – ауылдықтар еңбекқор, қиындықтан қашпай мал, құс өсіріп, тіпті, ау­ласына көкөністі де көкмайсадай құлпыр­тып отыр. Аула …

БАСТАҒАН ДА ТАСТАҒАН Read More »

ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС

  “Soltústik Qazaqstan” газетінің “Tikeleı baılanys” айдарының кезекті қонағы – облыстық энерге­тика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшы­сының орынбасары Айдархан Балтабайұлы Мусин.  Қысқы жылыту маусымына қатысты сауалдарыңыз болса, көмір мен отынның тапшылығы туындаса немесе бағасы негізсіз шарықтап кетсе, “Soltústik Qazaqstan” газеті арқылы “Tikeleı baılanys”-тың қонағына сұрақтарыңызды жолдай аласыздар. Сауалдарды 36-06-94 нөміріне немесе kyzylzhar_ akparat@mail.ru электронды …

ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС Read More »