«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.10.2019

УАҚЫТ ТАЛАБЫНА САЙ

  Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған пошта қызметі заманға сай жетілдірілуде. Жер шарының кез келген нүктесінен хат-хабар алмасып, сәлем-сауқат жіберу әдеттегі іске айналды. Елімізде ең көп филиалдық желісі бар компания қызмет көрсету аясын кеңейтіп, жаңашылдықтарға бетбұрыс жасап жатқаны және байланыс торабының жұмысы жайлы “Қазпошта” акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Бекжігіт Бекбердиевтен сұрап …

УАҚЫТ ТАЛАБЫНА САЙ Read More »

КӨРМЕ ЖЕҢІМПАЗЫ  

Шұжық өнімінің 130-дан астам түрін шығаратын жергілікті “Казмясопродукт” кәсіпорны Мәскеуде өткен 28-халықаралық “Worldfood Moscow” азық-түлік көрмесіне қатысып, үш бірдей алтын медальға ие болды.  Серіктестіктің бас технологы Юлия Гончарованың айтуынша, кәсіпорын көрме талаптарымен таныса келе үш аталымға қатысуды жөн санаған. – Көрмеге әлемнің 65 елі 584 түрлі өнімін қойды. “Ет өнімдері және консер­вілер” бөлімінде біз әлемнің …

КӨРМЕ ЖЕҢІМПАЗЫ   Read More »

СЕГІЗ МЫҢ ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Өткен демалыс күндері солтүстікқазақстандықтар ел көлемінде жарияланған “Экосағат” республикалық экологиялық акциясына ат салысып, өңір аумағында сегіз мың түп ағаш пен тал көшеттерін отырғызды. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов пен қала әкімі Болат Жұмабеков, депутаттар мен мемлекеттік орман иеленуші кәсіпорындардың мамандары, ардагерлер мен жастар қатысты.

ДАУ МҰРАТЫ – БІТІМ

  Бір күні кабинетіме жетпісті алқымдаған ақсақал келді. Оның келеңсіздікке тап болғанын түріне қарап-ақ аңғару қиын емес еді. Көп кідірместен болған жайтты баяндап берді. Осыдан бірнеше жыл бұрын  танысы үшін өз атына несие ресімдеген екен. Бастапқыда ай сайын уақтылы  төлем жасаған  танысы  кейін қарызын өтемей қойыпты. Несиенің пайызы өскендіктен банк тиісті төлемді  ай сайын ақсақалдың …

ДАУ МҰРАТЫ – БІТІМ Read More »

АСТЫҚ ҰРЛЫҒЫ ҚЫЗҒАН ШАҚ

Тайынша ауданында ауыл шаруашылығы кәсіпорнының жұмысшысы егіндік алқабынан 21 тонна астық ұрламақшы болған жерінен қолға түсті. Қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің қырағылы, сондай-ақ күзетуде қолданылатын жаңа технологиялардың арқасында механизатордың арам ойы жүзеге аспай қалды. Оқиға орнына Тайынша аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері дереу шақырылды. Қазір ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адамның комбайннан астықты арнайы жалдаған …

АСТЫҚ ҰРЛЫҒЫ ҚЫЗҒАН ШАҚ Read More »

КӘСІПОДАҚ – СЕНІМДІ ТІРЕК

  Қалалық Мәдениет үйінде Қазақстан кәсіподақтары күніне орай бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев әлеу­меттік серіктестікті дамытуда және қызмет­керлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауда белсенділік танытқан кәсіподақ өкілдеріне Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табыс етті.  Бүгінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен беде­лін арттыру және әр ұжымда қыз­меткерлердің заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын …

КӘСІПОДАҚ – СЕНІМДІ ТІРЕК Read More »

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫ КӨҢІЛДЕН ШЫҒА МА?

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің тиісті техникалық талаптарды және жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтауын бақылау – полицейлердің басты міндеттерінің бірі. Қоғамдық көлік жүргізушілері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қатысуымен жол апаттарын болдырмау мақсатында 10 қазаннан бастап полицейлер «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

БОЛАШАҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Облыстық полиция департаментінде колледж студенттерімен кездесу ұйымдастырылып, полиция қызметінің ерекшеліктері туралы әңгіме қозғалды. Болашақ заңгерлер, экономистер, автомеханиктер мен жол қозғалысын ұйымдастыру мамандары, барлығы 70 студент облыстық полиция департаменті бастығының кадр саясаты мәселелерімен айналысатыні орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаевпен кездесіп, тәртіп сақшыларының жұмысының қыр-сырына қанықты. 

БАПТАЙ БІЛСЕҢ – ЖЕР ЖОМАРТ

  Тайынша ауданындағы ауыл шаруашылығы құрылымдары ала жаздай баптаған астықты қамбаға құюда. “Баптай білсең – жер жомарт” дегендей, ырыздық-несібесін жерден тапқан диқандар мол өнімге кенелуде. Бұл орайда, “Ильич-Тайынша” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетістіктерін көпшілікке үлгі еткен жөн.  Аудандағы ең ірі ауылшаруашылығы құрылымына Талғатбек Тоқтыбаев басшылық етеді. Орақ науқаны аяқталуға жақын. Биыл астықтың шығымы жақсы. Гектар берекелілігі …

БАПТАЙ БІЛСЕҢ – ЖЕР ЖОМАРТ Read More »

ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

  Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапары барысында бірнеше өндірістік және әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты.  Алдымен өңір басшысы “Ноғайбай” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптарына ат басын бұрды. Серіктестік директоры Алтынбек Сапаровтың айтуынша, шаруашылық биыл 20 мың гектарға дәнді, 5,6 мың гектарға майлы дақыл еккен.  – Соңғы жылдары майлы дақылдарға арналған алқаптарды кеңейттік. Үстіміздегі …

ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ Read More »