«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 14, 2019

ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҰЛЫ КҮНІҢ, МЕРЕКЕҢ!

  “БОСТАНДЫҚ” – ДЕГЕН ЕРКІНДІКПЕН ЕГІЗ ҮН Желтоқсан жеткен, Жаңа бір жылдың қарсаңы, Толғанып әке, толғатып ана таңсәрі. Өмірге келді балауса сәби – бал-бөбек Өзегі талған, жанғаны өшкен орданың Ай маңдайлы ұлы – аңсары. 

ӘРКІМНІҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

“Коммунхоз Петропавл”, “Молсервис”, “Коммун Север”, “Чистый Петропавловск”, “СК Спецавтотранспорт”, “Дорожник” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау және шығару жария шартына сәйкес Петропавл қаласы әкімдігі және тұрғын үй иелері бірлесіп қабылдаған өзара міндеттемелер негізінде қызмет көрсетеді. 

 ЖАДЫМЫЗДА СОЛ КҮНДЕР

Халқымыздың ертеден азаттықты аңсап, егемендік жолында аянбай жандарын пида еткені тарихтан мәлім. Соның дәлелі – бабаларымыз өз заманында қаншама ұлт-азаттық көтерілістер мен толқуларды бастан кешіп, тәуелсіз, егеменді мемлекет құруға талпынды. Осындай ұлтымыздың ұлылығын асқақтатқан оқиғаның бірі  – Желтоқсан оқиғасы. 

РУХЫМЫЗДЫ СЫНДЫРА АЛМАДЫ

Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болған жоқ. Бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Әсіресе, Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жылдар алға жылжыған сайын айқындалуда. 

IİS TIÝDİŃ SALDARY AÝYR

Sońǵy kezderi elimizde ıis tıýge qatysty oqys oqıǵalar jıi oryn alýda. Ásirese, aýyl turǵyndary arasynda qaıǵyly jaǵdaı kóp. Kez kelgen peshti durys qoldanbaýdyń saldary qaıǵyly jaǵdaıǵa ulasýy múmkin ekenin umytpaǵan abzal. 

ЕГЕМЕНДІК БІЗГЕ НЕ БЕРДІ?

Халқымыз үшін ең қастерлі де қасиетті мереке – Тәуелсіздік күні келіп жетті. Жыл сайын осы кезде өткеніміз бен бүгінімізді саралап, болашағымызды бағамдап, бар-жоғымызды түгендейміз. 28 жылдың ішінде қоғамдық өмірдің барлық саласында жүйелі жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Осы тарихи уақытты, жетістіктеріміз бен табыстарымызды, құндылықтарымызды қадірлей, бағалай білу – өскелең ұрпаққа парыз. “Тәуелсіздік бізге не берді?” деген сұраққа …

ЕГЕМЕНДІК БІЗГЕ НЕ БЕРДІ? Read More »

JÝLDYZY JANǴAN JERLESTERİMİZ

Жанкүйерлерін жарқын жеңістерімен қуантып жүрген солтүстікқазақстандық спортшылардың бірі – Нұрқожа Қайпанов. Петропавлдағы спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернатта еркін күрестің қыр-сырын меңгерген спортшы облыс тарихында алғаш рет еркін күрестен Азия біріншілігінде алтын медаль иеленді. Ал биыл Нұр-Сұлтан қаласының төрінде өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов бәсі биік сайыста ел намысын абыроймен …

JÝLDYZY JANǴAN JERLESTERİMİZ Read More »

АЗАТТЫҚТЫҢ АРҚАСЫ

Қазақ елі өз тарихында небір қиын кезеңдерді бастан кешіп, бүгінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған күнге жетті. Азаттықтың арқасында өзге елдермен терезе теңестіріп, біз бақытты өмір сүрудеміз. 

JULDYZY JANǴAN JERLESTERİMİZ

САМАЛ ЕСЛЯМОВА Өнер өлкесінде айтулы жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдік деңгейде үлкен асуларды бағындырып жүрген Самал Есләмова режиссер Сергей Дворцевойдың “Айка” фильмінде бас кейіпкерді сомдап, Францияда өткен әйгілі Канн кинофестивалінде “Үздік әйел рөлі” аталымын жеңіп алған еді. Аталмыш кинотуынды бірқатар елдерде көрсетіліп, бірнеше мәрте марапатқа ие болды. Биылғы наурыз айында Гонконгта Азия киноакадемиясының жүлдесін алып, “Азияның …

JULDYZY JANǴAN JERLESTERİMİZ Read More »

АЗАМАТ ЕҢБЕГІН ХАЛҚЫ ҰМЫТПАЙДЫ

Әлем таныған Қазақстанның кешегі кеңес дәуіріндегі теперішін, тәуелсіздік алған алғашқы қиын кезеңдерін еске алудың өзі өте ауыр. Дегенмен сол аласапыран уақытта билік тұтқасын ұстаған азаматтар ерен еңбек етіп, болашақтың дамуына үлкен жол салды. Өңірімізге есімі белгілі сондай азаматтың бірі Қаттай Кеншінбаев еді. “Өмірден үйренген адамдар ғана ұлтының ұлы перзенті бола алады”, – деген екен Қытай …

АЗАМАТ ЕҢБЕГІН ХАЛҚЫ ҰМЫТПАЙДЫ Read More »

ШЕКСІЗ СҮЙІСПЕНШІЛІК

Таяуда ауылдасым, бүгінде Алматы қаласының тұрғыны, отставкадағы полиция полковнигі Жанат Зейноллаұлы Етекбаевтың “Адамнан ауыл көшпейді” атты кітабы жарық көрді. 

ТАСҚА БАСЫЛҒАН ТАРИХ

Газетке жазылған сөз тасқа басылған тарихпен тең. Қазақ халқының арғы өмірі жайлы деректер жыр-дастандар арқылы ауыздан-ауызға тарап, бүгінгі күнге жетсе, тұңғыш басылымымыз – “Түркістан уәлаятының газеті” жарық көрген 1870 жылдардан бергі еліміздің бастан кешкендері қағазға түскен. Ауызша айтылған тарихта аз болса да, ауытқушылықтар, сәйкессіздіктер болады. Ал газет сөзін өзгерту мүмкін емес. 

БАҚЫТТЫ ҰРПАҚПЫЗ!

Мен – Тәуелсіздіктің құрдасымын. Мағжан Жұмабаев ауданындағы Возвышенка ауылында дүниеге келдім. Отбасымызбен Қызылжарға қоныс аударған сәттен бастап өнердің тұнығына бойладым. Алдымен би үйірмесінде өзімнің мүмкіндігімді сынадым. Менің өнерге құлшынысымды аңғарған ұстазым, дарынды балетмейстер, “Дружные ребята” хореографиялық би ансамблінің көркемдік жетекшісі Расима Сучкова талабымды қолдап, бағымды ашты. Ресейдің Челябі мемлекеттік педагогикалық университетінде хореография мамандығы бойынша білім …

БАҚЫТТЫ ҰРПАҚПЫЗ! Read More »

JÚREKJARDY

ӨТКЕН ЖЫЛДАР ЖЕМІСІ Ата-бабамыз аңсаған азаттық туы желбіреп, ел егемендігін алған кезең әлі есімде. Қарағанды медициналық институтында емдеу ісі мамандығы бойынша білім алып, Қызылжар қаласындағы облыстық аурухана базасында 1988-1989 жылдары интернатурадан өттім. Кейін жолдама бойынша Шал ақын аудандық ауруханасына хирург болып жұмысқа орналастым. Жас маман ретінде ең алғаш еңбек жолымды бастаған кезең Тәуелсіздік алған жылдармен …

JÚREKJARDY Read More »

ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

“– Алло! Сәлеметсіз бе? – Тыңдап тұрмын, айта беріңіз! – Біз сізге көмекке мұқтаж сәбилерге қайырымдылық көрсетумен айналысатын ұйымнан хабарласып тұрмыз. Бір үмітіміз өзіңізде…” 

БІЛІМНІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

Табиғаты тамаша “Орман” шағынауданындағы “Ақ қайың” бөбекжай-бақшасы осыдан екі жыл бұрын Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында пайдалануға беріліп, алғашқы бүлдіршіндерді қабылдаған едік. 140 орынға шақталған мекеме мамандары жеткіншектерді ойнау арқылы ойлауға үйретіп, денсаулығын шынықтырып, мектепке даярлайды. Әсіресе, сырқат балаларды сауықтыруға басымдық береміз.