ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде жекелеген ұйымдардың қызметі шектелді. Мұндай жағдайларда еңбек заңнамасында толық емес жұмыс уақытын енгізуді, қашықтан жұмыс істеу тәртібін белгілеуді, жұмыстың тоқтауы, жұмыстан қысқарту және т.б. шараларды қоса алғанда, қызметкерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін түрлі тетіктер қарастырылған.