«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.04.2020

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 75 жыл толады. Осы қанды шайқасқа жау бетін қайтаруға елімізден 1 миллион 400 мың адам аттанып, жартысына жуығы елге қайта оралған жоқ. Олардың арасында жүрек жұтқан қыз-келіншектер де бар еді. Мәдина Ысқақова қарсы келген жауды әуеден шабуылдайтын ұшақтарға жауаптылардың бірі болды.

ЕСІЛ АҒАДЫ ЖАРДЫ ҰРЫП

Ерке Есіл арнасынан асып, айналасындағы елді мекен тұрғындарын әбігерге салуы мүмкін. Қазір су деңгейі көтерілуде. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылығы Петропавл су қоймасының басында ұйымдастырылған көшпелі баспасөз мәслихатында айтты.

ЖҮЗ МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ

Өңірімізде оңтайландыру жұмысының нәтижесінде пайда болған қосымша резервтің арқасында биылғы жылға бекітілген бюджет көлемі 262 млрд. теңгеден 298 млрд. теңгеге дейін көбейді. Алдағы уақытта бюджет көлемі 300 млрд. теңгеден асуы мүмкін. Бұл қаржының арқасында биылға жоспарланған жұмыстар ауқымы кеңейіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында тың өзгерістер болады деп күтілуде. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің …

ЖҮЗ МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ Read More »

ІНДЕТПЕН КҮРЕС – БӘРІМІЗГЕ МІНДЕТ

“Tikeleı baılanys” айдарының кезекті қонағы – облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев қауіпті індетпен күрес шаралары және медицина саласында қалыптасқан ахуалға қатысты “Soltústik Qazaqstan” газетінің электронды поштасына, “WHATSAPP” желісіне келіп түскен оқырмандардың сауалдарына жауап берген болатын. Сол сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.

БІЗГЕ ДЕ КӨМЕК БЕРІЛСЕ

Қазақ әйелдері қашанда қиындыққа төзіп, тағдыр ауыртпалығын қайыспай көтере білетін қайсар мінезге ие екені баршаға аян. Бірақ кейде көпшіліктің сөзінен ұялып, намысқа тырысып, көп жақсылықтардан құр қалып жатамыз. Осы күнге дейін мен де жетім қалған үш жиенімді өсіріп келемін, бірақ ешкімге қол жайып, көмек сұраған емеспін.

КӘСІПҚОЙЛАРМЕН БІРГЕ ЖАТТЫҚ!

Елімізде коронавирусқа байланысты барлық жарыстар уақытша тоқтатылып, турнирлер кейінге шегерілді. Дегенмен, спортшылар қауіпті індет кезінде де жаттығуларын тоқтатқан емес. Өңір тұрғындары кәсіпқойлармен бірге жаттығу жасауы үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жергілікті “Qyzyljar” телеарнасымен бірігіп, “Шексіз спорт” онлайн жобасын қолға алды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Марат Шынтеміровтің айтуынша, бұл бастамаға …

КӘСІПҚОЙЛАРМЕН БІРГЕ ЖАТТЫҚ! Read More »

АТТЕСТАТТАУ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ

Төтенше жағдай мен оқушылардың қашықтан оқыту түріне ауысуына байланысты Білім және ғылым министрлігі 9-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11-сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылдады. Аттестат пәндер бойынша жылдық бағалар негізінде беріледі.

БАЛА КҮТІМІМЕН ОТЫРҒАНДАРҒА ДА БЕРІЛЕДІ

Бүгінгі күні 45 мыңнан астам солтүстікқазақстандықтың есепшотына 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемдер аударылды. Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы ұйымдастырған онлайн режімдегі брифингте бұл төлемдер кімге беріліп жатқаны жайлы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлбақыт Манабаева мен “Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры” АҚ-ы облыстық филиалының директоры Анар Жұнысова әңгімеледі.

СЫБАЙЛАСТЫҚҚА НЕ СЕБЕП?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өңірлік департаментінің мамандары облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасындағы жемқорлық тәуекеліне қашықтан жүргізілген талдауды аяқтап, қорытындысы жайлы баспасөз мәслихатында хабардар етті.

ҚАЙ ТЕЛЕАРНАЛАР СҰРАНЫСҚА ИЕ?

Карантинге дейін қазақстандықтар ең жиі қарайтын телеарна «Хабар» еді. Ал қазір Ресейдің «ТНТ» отандық арнаны бірінші орыннан ығыстырып, көш басына шықты. Ал спорт арналары алғаш рет ең жиі қаралатын ТОП-10 арнаның қатарынан шығып қалды. Есесіне мектеп оқушыларына сабақ көрсете бастаған «Balapan» арнасы алғашқы ондыққа енді. Сондай-ақ, ТОП-ондықта ойын-сауық, фильм, жаңалық контенттері тұр. Үздіктер қатарында «Euronews», …

ҚАЙ ТЕЛЕАРНАЛАР СҰРАНЫСҚА ИЕ? Read More »

ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР

Өңірімізде карантин жарияланғаннан бері жергілікті тұрғындар өздерінің және жақындарының денсаулығына алаңдаушылық танытуда. Әлеуметтік желі парақшаларында да облыстағы жағдайға қатысты шындыққа жанаспайтын мәліметтер кездеседі. Сондықтан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев және жергілікті тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова коронавирус инфекциясына қатысты солтүстікқазақстандықтарды толғандырып отырған өзекті сұрақтарға кезекті …

ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Read More »

ЖЕДЕЛДІК ҚАЖЕТ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің дағдарыс орталығында департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаевтың төрағалығымен өрттердің алдын алу мәселесіне арналған «дөңгелек үстел» болып өтті. Бұл отырысқа мүдделі органдардың өкілдері, атап айтқанда, аумақтық инспекция, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар басқармаларының, жергілікті полиция қызметінің, «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның қызметкерлері де қатысты.

ESKERTÝ!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 18 сәуір күні оңтүстік, оңтүстік-батыс соққан желдің екпіні секундына 15-23 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді.

ЖАНЖАЛҚҰМАРҒА КҮШ ҚОЛДАНУҒА ТУРА КЕЛДІ

102 пультіне Петропавл қаласының Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі 225-ші үйдің ауласында белгісіз адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына полиция жасағы келіп жеткен кезде ер адамдар жұдырықтасуын доғарғанымен, бір әйел мен мас ер адам жанжалдасуын жалғастыра берді. Тіпті полицияның ескертуіне де құлақ аспады. Екіленген ер адамды тәртіпке шақыру мүмкін болмағандықтан, полицейлер оның қолын қайырып, …

ЖАНЖАЛҚҰМАРҒА КҮШ ҚОЛДАНУҒА ТУРА КЕЛДІ Read More »

Мемлекет басшысы аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада әскери жиынға шақырылған аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті. Сондай-ақ Қарулы Күштердің техникалық дайындығын және қала әкімдігінің Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын тексерді.