«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.04.2020

ҮЛКЕН ЖҮРЕКТІ ДӘРІГЕР

Келісілген уақытта келдім. “Сіз бөлмеге кіре беріңіз, мен қазір келемін”, – деген ол жылдам басып кетіп қалды. Өмір мен өлімнің арасында арпалысқан науқастардың біріне шұғыл көмек қажет болып қалғанын бірден түсіндім. Сондықтан ақ халатты абзал жанды тапжылмай отырып күттім. “Көп күтіп қалған жоқсыз ба?” – деп жүре сөйлеп орнына отырған дәрігер емханаға қабылдауға келген науқастың …

ҮЛКЕН ЖҮРЕКТІ ДӘРІГЕР Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ КІМГЕ ТИЕСІЛІ?

Ел ішінде 3 миллионнан астам азамат 42500 теңге көлеміндегі қаржылай көмекке ие болғанымен, тұрғындар тарапынан бұл әлеуметтік төлемнің кімге берілетіні жөніндегі сұрақтар әлі де келіп түсуде. Оның берілу тәртібін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Ботагөз Қожағұлова түсіндіріп берді:

НЕСИЕСІ БАРЛАРҒА ЖЕҢІЛДІК

Ұлттық банктің Солтүстік Қазақстан филиалының директоры Диас Мэлс пен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өңірлік өкілдігінің басқарма басшысы Алма Дәуренбекова жергілікті телеарналар арқылы баспасөз мәслихатын өткізді. Қаржыгерлер еліміздегі төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы мен несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тақырыбында әңгіме өрбітті.

КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕРГЕ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызмет жеткізушілерімен келісімшарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірледі.

АУЫЗДЫ ҮЙДЕ АШЫП, ТАРАУЫҚТЫ ОТБАСЫМЕН ОҚИМЫЗ

Бүкіл мұсылман қауымы асыға күтетін он екі айдың сұлтаны – Рамазанның басталуына санаулы күндер қалды. Бірақ әлемді дүрліктірген аты жаман ауру бәрімізді де қорқыныштың құшағында қалдырып отыр. Қасиетті ай қарсаңында, əсіресе, мұсылман қауымы қиындықтың беті бері қарап, қалыпты өмірге қайта қадам басуды үміт етуде. Сондықтан ауыз бекітуге ниет қылған ағайынның көкейінде түрлі сауалдың болуы орынды. …

АУЫЗДЫ ҮЙДЕ АШЫП, ТАРАУЫҚТЫ ОТБАСЫМЕН ОҚИМЫЗ Read More »

“SOLTÚSTІK QAZAQSTANNYŃ” WHATSAPP ЖЕЛІСІ

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар.

TIKELEI BAILANYS

Құрметті оқырмандар! “Soltústik Qazaqstan” газетінің “Tikeleı baılanys” айдарының кезекті қонағы – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ерболат Мұратұлы Бекшенов.

ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен телефон арқылы сөйлесіп, елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты өңірде атқарылып жатқан қауырт жұмыстың барысымен танысты.

JAS ZERTTEÝSHILER JETISTIGI

Nazarbaev zıatkerlik mektebiniń oqýshylary V.I.Vernardskı atyndaǵy XXVII Búkilreseılik zertteý jumystarynyń ashyq baıqaýyna qatysyp, eki birdeı 1-shi dárejeli dıplomǵa ıe boldy.

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ

Облыс кәсіпкерлері өңіріміздегі тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетуде. Жуырда Аққайың ауданындағы Смирново ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Қожабек Үсенов төтенше жағдай кезінде “Nur Otan” партиясының аудандық филиалына көмек сұрап хабарласқан мұқтаж жандарға тегін азық-түлік таратты.

ҒАЛЫМ МҰРАСЫ – АСЫЛ ҚАЗЫНА

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана да оқырмандарға онлайн қызмет көрсетуде. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты кітапхананың электронды сайтында, сондай-ақ, әлеуметтік желілерде өңірімізге белгілі ақын-жазушылармен, суретшілермен, тарихшылармен онлайн кездесулер мен дәрістер өткізу қолға алынды. Жуырда қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына орай оқырмандар арасында эссе жазудан конкурс ұйымдастырылды.

ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУ ТАЛАПТАРЫ

Әлем елдерін тығырыққа тіреген коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қазіргі уақытта емханаға тіркелу аса маңызды болып тұр.

ТҰРҒЫНДАР ҚУАНЫШЫ

Тайынша ауданындағы Красная Поляна ауылында дәріхана ашылды. Бұл жаңалық осы уақытқа дейін қажетті дәрі-дәрмек сатып алу үшін аудан немесе облыс орталығына қатынауға мәжбүр болған ауыл тұрғындарын қуанышқа кенелтті.

ТЕГІН ДӘРІГЕРЛІК КЕҢЕС

Карантин кезінде адамдардың үйден шықпағаны маңызды. Осыған орай Beeline Қазақстан іске қосқан «Online Doctor» мобильді қосымшасы арқылы үйден шықпай-ақ медициналық көмек алуға болады. Онда әр түрлі бейіндегі құзыретті, сертификаты бар дәрігерлер кеңес береді.

Beeline арқылы БЖТ төлеуге болады

42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алу үшін салық төлемдері жоқ адамдар бірыңғай жиынтық төлем төлеуі тиіс. Сондай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар да бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылады. Бұл қызмет енді Beeline компаниясы арқылы да қолжетімді. Ұялы байланыс операторының абоненттері төлемді «Менің Beeline-ым» қосымшасы және SMS-хабарлама арқылы төлей алады.

100 000 ТЕҢГЕ ҰТЫП АЛЫҢЫЗ

Beeline Қазақстан компаниясы қазақстандықтарға карантин кезінде InstaWIN зияткерлік ойынына қатысып, ақшалай жүлде ұтып алуды ұсынады. Ойыншы 10 сұраққа жауап беруі тиіс және әр сұраққа жауап беруге 15 секунд уақыт беріледі. Егер ойыншы барлық сұраққа дұрыс жауап берсе, 100 000 теңге ұтып алады.

САЯЖАЙЛАРДЫ СУ БАСТЫ

Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп, облыс орталығының іргесіндегі саяжай учаскелеріне кіре бастады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

ESKERTÝ!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 21 сәуір күні оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Кей жерлерде найзағай ойнауы ықтимал.

КАРАНТИНДЕГІЛЕРДІҢ ЖОЛЫН КЕСТІ

Коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған 1962 жылғы ер адам Шал ақын аудандық ауруханасынан өз еркімен кетіп қалған. Карантиннен бас тартқан Сергеевка қаласының тұрғынын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, емдеу мекемесіне қайтарды. Аталған факті бойынша әкімшілік материал жиналды.

АРҚАНЫ КЕҢГЕ САЛУҒА ӘЛІ ЕРТЕ

Өңірімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір науқас анықталды. Қазіргі таңда облыста қауіпті індетке шалдыққан 30 адам тіркеуде тұр. Соның 25-і емделіп, ауруханадан шықты. Бірақ арқаны кеңге салуға әлі ерте, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен 21 сәуірдің түнінен бастап облыс көлемінде карантин шаралары қатаңдатылды.