НАҚТЫ НӘТИЖЕ БАР
Соңғы кезде елімізде қоғамдық бақылаудың рөлі маңызды. Азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге және елдегі ахуалдың түйінді мәселелерін анықтауға мүмкіндік береді.
Соңғы кезде елімізде қоғамдық бақылаудың рөлі маңызды. Азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге және елдегі ахуалдың түйінді мәселелерін анықтауға мүмкіндік береді.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаевтың төрағалығымен өткен баспасөз мәслихатында соңғы күндері тіркелген өрт оқиғаларының себебі айтылды. – Жыл басынан бері Петропавл қаласында, Айыртау мен Жамбыл аудандарында жалпы 5,7 гектар аумақта 4 орман өрті тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда төрт есеге көп. Сондай-ақ, 400 гектар аумақта құрғақ …
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі “Adaldyq alańy” жобасының 2020 жылғы І тоқсандағы жұмысын қорытындылады. Онлайн форматта өткен жиынға министрліктердің жауапты хатшылары, Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары, жоба жетекшілері, яғни облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, өңірлердегі және орталық мемлекеттік органдардағы “Adaldyq alańy” басшылары қатысты.
Елімізде төтенше жағдай режімі және карантин жарияланғанына орай облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент мамандары түсіндіру жұмыстарын қашықтан өткізуде. Дамыған байланыс жүйесі мен техникалық мүмкіндіктердің арқасында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне арналған семинарлар мен құқықтық оқытуларды онлайн өткізу әбден мүмкін.
Петропавлда полицияның талабына бағынбай, қашып құтылмақ болған жүргізуші ұсталды. Нұрсұлтан Назарбаев және Чкалов көшелерінің қиылысында автопатруль экипажы «Audi-100» жүргізушісінің құжаттарын тексеру үшін тоқтауға белгі бергенімен, ол аулаларда жасырынуға тырысты.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 22-23 сәуір күндері оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Кей жерлерде тұман түсіп, жаңбыр жаууы ықтимал.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 17 жасар петропавлдық қыз баланың «Инстаграм» парақшасында «полицейлер қайтыс болған зейнеткердің туыстарына ақша ұсынады» деген жазба табылды. Онда қайтыс болудың себебін коронавирустық инфекция деп көрсеткендері үшін туыстарына 100 мың теңге төленетіні айтылған. Жедел уәкілдер ойдан шығарылған бұл ақпаратты Петропавл қаласының тұрғыны өз парақшасына көп адамдардың назарын аударту үшін орналастырғанын анықтады. …
Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-алдын алу шарасы барысында Медвежка ауылының 29 жасар тұрғыны атыс қаруын өз үйінде заңсыз сақтап келгенін анықтады. Ауыл тұрғыны тіркелмеген тегіс ұңғылы 16 калибрлі «ИЖ-К» мылтығын сенекте сақтаған. Өзінің айтуынша, қаруды ол осыдан шамамен 10 жыл бұрын үйді сатып алған кезде тауып алыпты. Мылтық тәркіленіп, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» …
Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режімге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешімдер қабылданады.
Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін облыста карантин шаралары күшейтілді. Халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлері, науқас адамдар, транзиттік жүк көліктері, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін ауыл шаруашылығы техникаларынан басқаларға аудандарда және Петропавл қаласының аумағында жүруге тыйым салынады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев брифингте мәлімдеді.
“Soltústik Qazaqstan” облыстық қоғамдық-саяси газетінде Айыртау ауданына қарасты Қарақамыс – Бірлестік – Лавровка ауылдарын байланыстыратын тасжолдың нашар жағдайы туралы мақала жазған болатынмын. Бірақ сол мақалаға ешкім назар аударып, сыннан қорытынды шығармаған сыңайлы. Сондықтан қолыма қалам алып, хат жазуға мәжбүрмін. Екі жыл өтсе де, “баяғы жартас, сол жартас” күйінде қалып отыр.
Елімізді мекен еткен әр этносқа өзінің ұлттық болмысын сақтап, тілі мен ділін, мәдениетін жаңғыртуға жағдай жасалғаны белгілі. Жамбыл аудандық Мәдениет үйінің жанынан құрылған этномәдени бірлестіктер талай жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді.
Көкшетау – Қостанай тасжолынан әрірек он шақырымдай жерде кіндік қаным тамған, балалық шағымның іздері қалған Сарыбұлақ деген ауыл бар. Бұрын Рузаев ауданы болатын, қазір Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарайды. Қарағайы мен қайыңы, терегі мен талы аралас өскен өңір мен үшін ерекше ыстық, орны бөлек. Көнекөз қариялар “Андай елі” деп те атайтын.