«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.04.2020

ӘУЛЕТТЕГІ САБАҚТАСТЫҚ

Жұртшылық өртсөндірушілерге әрдайым құрметпен қарайды. Себебі, олар өзгенің өмірін сақтап қалу үшін өз басын қатерге тігуге дайын. Бүгінгі мақаламызға арқау болғалы отырған Шайкиндер отбасы да осындай құрметке лайық шаңырақтардың бірі десек, қателеспейміз. Отағасы Нұртас Есімұлы 23 жыл өрт сөндіру саласында мінсіз қызмет атқарып, бүгінде балалары мен немерелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚОР БОЛМАЙДЫ

Әлем бойынша коронавирус індеті кең етек жайып, халықты тығырыққа тіреуде. Қатаң тәртіп енгізу арқылы ғана жаман індеттің таралуын тоқтатып, қиындықты еңсеруге болатынын түсінгісі келмейтіндер аз емес. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев жауапкершілікті сезінбейтін тұрғындарға қандай жаза қарастырылғанын және карантин талаптары жайлы айтып берді.

ӘУЕСТІК КӘСІПКЕ ҰЛАСТЫ Ағайындылардың ендігі мақсаты — экспорт үлесін ұлғайту

Қармақ салып, балық аулауды жаны сүйетін Мамлют ауданының тұрғыны Александр Ухов бала кезінен үнемі көл жағалап кететін. Ихтиолог мамандығын алып, балық кәсіпшілігінің қыр-сырын жете меңгергеннен кейін өңірде кенжелеп қалған осы саламен түбегейлі айналысуға белді бекем буып, білек сыбана кірісті. Алдымен аудан орталығында иесіз тұрған қазандық орталығын өз атына ресімдеп, күрделі жөндеуден өткізді. Төрт қабырғасы ғана …

ӘУЕСТІК КӘСІПКЕ ҰЛАСТЫ Ағайындылардың ендігі мақсаты — экспорт үлесін ұлғайту Read More »

ӘР ІСТІҢ БІР ҚАЙЫРЫ БАР

Бір жамандықтың артында бір жақсылық болады. Тек сенім мен сабыр қажет. Бастысы, қауіпті індеттің жолын кесу үшін бір-бірімізге түсіністік танытып, Үкімет тарапынан қолға алынып жатқан шараларға қолдау білдіруіміз қажет.

ЖАЙҚАЛА ТҮС, ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК!

Қаһарлы қыс кетіп, шуақты көктем мезгілі туа барлық аумақта тазалық жұмыстары қарқын алып, көркейту, көгалдандыру басталады. Төтенше жағдайға байланысты бұл іс сәл кешігіңкірегенімен, тоқтатылмайтыны белгілі. Петропавл қаласының көркін келтіріп, ажарын арттырып тұрған құрылыс нысандары ғана емес, жайқала өскен жасыл желегі екенін айта кеткен жөн. Ал сол көшелерді бойлай жайқалып тұрған тал-шыбықтардың басым бөлігі Кондратовка орман …

ЖАЙҚАЛА ТҮС, ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК! Read More »

ӨНДІРІСКЕ ТЫҢ СЕРПІН ӘКЕЛДІ

Бүгінгі таңда қарапайым заттар экономикасын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қарапайым заттар дегеніміз – күнделікті қолданатын тауарлар мен қызметтер. Олардың қатарында тоқыма өнімдері мен жиһаз, азық-түлік өндірісі және басқа да тауарлар бар. Аталмыш бағытты дамытудың қажеттілігі туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты халыққа арнаған Жолдауында атап …

ӨНДІРІСКЕ ТЫҢ СЕРПІН ӘКЕЛДІ Read More »

АРТЫНА ӨШПЕЙТІН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН

Құйрықты жұлдыз секілді, Туды да, көп тұрмады. Көрген, білген өкінді, Мін тағар жан болмады, – деп хакім Абай жырға қосқан қазақтың біртуар азаматы, ғалым, тарихшы, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың туғанына – (1835-1865 жж.) биыл 185 жыл.

ТЕГІН ҚОРҒАУШЫ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

“Заңды жетік білмегендіктен бүгінгі күні қиындыққа ұшырап, тығырыққа тіреліп отырмын. Жұбайым осыдан екі жыл бұрын өмірден өтті. Төрт баламен жалғыз қалдым. Қазіргі тұрып жатқан пәтерімізді ипотекаға алған едік. Несиені уақтылы төлей алмағандықтан, банк мені сотқа беруде. Енді маған адвокаттың көмегі қажет. Көпбалалы әрі жалғызбасты ана ретінде мемлекеттен тегін қорғаушы қызметін талап ете аламын ба?” Анар …

ТЕГІН ҚОРҒАУШЫ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ? Read More »

БӘРІ ҚОҒАМНЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫ ҮШІН

Көпшілік биылдан бастап еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенінен хабардар. Жұртшылықтың құқықтық сауаттылығын арттыру заң мамандарының еншісінде. Сондықтан ел тұрғындары өз құқығын білмеуден зардап шекпеуі керек. Осыған орай қолданыстағы заңнамалық құжаттағы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталуды жөн көрдік.

АСЫҚ ЕПТІЛІККЕ ҮЙРЕТЕДІ

Ата-бабаларымыз ұлттығымызды айғақтайтын асыл дүниелерді бүгінгі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізді. Сол мұралардың бірі – қазақтың ұлттық ойындары. Бүгіндері қолдаушылары табылып, спорт түрлерінің қатарына қосылуда. Соңғы уақытқа дейін кенже қалып келген асық ату ойыны да бүгінде бұқаралық сипатқа ие болып келеді.

ДАЛАДА ӨРТ ШЫҚТЫ

Солтүстікқазақстандық өрт сөндірушілер Қызылжар ауданында орын алған дала өртін сөндірді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР

Бата халқымыздың танымында ақ тілеудің белгісі саналады. Ел ішінде құрметке ие қарттар оны құрақ ұшып өсіп келе жатқан бөбектерге, жаңадан шаңырақ құрған отауға немесе жаңа түскен келінге арнап айтқанын көп кездестіреміз. Батаның маңызы онда айтылған ақ тілектердің түгел дерлік орындалып кетуінде емес, сөздің киесіне жан жүрегімен иланатын халқымыздың берік сенімінде жатқаны анық. Бата беру әдетте …

БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР Read More »

АДАМГЕРШІЛІКТІҢ БИІК ШЫҢЫНА АПАРАР ЖОЛ

Орыстың әйгілі жазушысы Максим Горький: “Мен бойымдағы жақсы қасиеттер үшін кітапқа қарыздармын”, – деген екен. Өз басым қолыма түскен кезекті әдебиетті аяқтаған сайын қаламгердің бұл ойымен келісіп, кітап құдіретті күшке ие екенін тағы бір мәрте сезінгендей боламын.

ОҚЫРМАНМЕН БАЙЛАНЫС ҮЗІЛМЕЙДІ

И.Шухов атындағы қалалық кітапхана ұжымы карантин талаптарын сақтап үйде отырған оқырмандар үшін өз жұмысын әлеуметтік желілер арқылы жүргізуде. Жуырда Дүниежүзілік кітап күніне орай оқырмандар арасында көркем шығарма оқудан челлендж ұйымдастырды.

ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды коронавирустың таралуына жол бермеу, сондайақ, алдын алу шаралары және аурудың негізгі белгілері туралы ұдайы хабардар етіп отыру мақсатында құрған 1406, +7 (7172) 76-80-43 Саll-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

“SOLTÚSTІK QAZAQSTANNYŃ” WHATSAPP ЖЕЛІСІ

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

Мемлекет басшысы коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық Үндеу жарияламақ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің “Facebook”-тегі парақшасы арқылы мәлімдеді.

БАҚЫЛАУДЫҢ ЖОҚТЫҒЫН ПАЙДАЛАНҒАН

Үстіміздегі жылдың ақпан айында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ғалым Тасболатов 200 мың теңге пара алғаны үшін сотталған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өңірлік департаментінің бастығы Ернар Баянғазин мемлекеттік қызметшіге “бармақ басты, көз қыстылық” әрекетке баруға себеп болған жағдайлар жайлы түсінік берді.

САН ДА, САПА ДА АРТТЫ

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасына қарап тұрғындардың тұтас мемлекеттік аппарат туралы пікірі қалыптасады. Сондықтан әкімдіктерге жүгінушілерге мемлекеттік қызметтің сапалы әрі уақтылы көрсетілуінің маңызы зор. Жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің аппараттарына, сондай-ақ облыстық басқармаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді үйлестіруге жауапты тұлғалар лауазымы енгізілді. Осыған орай екіжақты жауапкершілік арта түсті. Жауапты қызметкерлер заңнамаға сәйкес мемлекеттік …

САН ДА, САПА ДА АРТТЫ Read More »