«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.04.2020

ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Шал ақын ауданында бір миллион үш жүз мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

ОН ТӨРТ ЖӘШІК ІШІМДІКТІ ҚАЛАЙ ІШПЕК?

Есіл ауданында учаскелік полиция инспекторы үй-үйді аралап тексеру барысында бір үйдің ауласына арақ түсіріліп жатқанын байқайды. 35 жасар ауыл тұрғыны 14 жәшік ішімдікті өз керегіне жарату үшін сатып алғанын айтқанымен тәртіп сақшыларын сендіре алмады. Оның үстіне 240 шөлмектің бір де біреуінде акциздік маркасы және тасымалдау құжаттары болмай шыққан. Ауыл тұрғыны тәртіп сақшысының сұрақтарына жауап бере …

ОН ТӨРТ ЖӘШІК ІШІМДІКТІ ҚАЛАЙ ІШПЕК? Read More »

ӘСКЕРИЛЕР КӨМЕККЕ КЕЛДІ

Қазіргі уақытта Петропавл қаласы мен жақын маңдағы ауылдарға ағын суды кіргізбеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің мамандары тартылуда. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР – ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА

Солтүстікқазақстандық полицейлер қылмыстық істерді электронды форматта жүгізуде. Электронды іс жүргізу барысында бұлтартпау шарасын сот арқылы онлайн режімде санкциялау мүмкіндігі бар. Ол үшін арнайы бейнебайланыс пайдаланылады. Облыс аумағындағы 12 уақытша ұстау изоляторының барлығы қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бүгінгі күні Петропавл қалалық соты санкция шығарудың виртуалды мүмкіндігін 51 рет, аудандық соттар 7 рет пайдаланған.

БАЛЫҚТАР НЕГЕ ҚЫРЫЛДЫ?

     Биыл қардың шамадан тыс көп жауғаны белгілі. Соның салдарынан бірнеше елді мекендерді су шайып, өзен-көлдер арнасынан асты. Айыртау ауданындағы Кіші Қоскөл көлінде су деңгейінің шамадан тыс көбеюінен балықтар жағаға шығып қалған. Осы мәселеге орай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хабарласқан едік. Мекеменің бас маманы Ильдар Кәкімовтің айтуынша, қазір алаңдауға еш …

БАЛЫҚТАР НЕГЕ ҚЫРЫЛДЫ? Read More »

ЖӨНДЕЛГЕН ЖОЛДАРДЫҢ САНЫ АРТТЫ, енді сапасы жақсарса

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысында екі мәселе қаралып, мінбеге бірінші болып жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Асхат Бәкеев көтерілді. Баяндамашы жол инфрақұрылымының қазіргі жағдайына, алдағы міндеттерге тоқталды.