АТАҢНАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН
“Ақ қайыңдар аралынан” аумайтын өңіріміз жайлы өзгелер жүрекжарды сөздерін ақтарыла айтқанда көңіліміз марқайып, төбеміз көкке жеткендей болады. Сырт көз – сыншы демекші, өзгелер осылай әспеттеп жатқан, сал-серілеріміз өлең-жыр арнаған, әнге қосқан қасиетті Қызылжар жерінің қадіріне жетіп жүрміз бе деген сауал туады. Өкінішке қарай, мүдіретініміз рас. Жаратқанның мейіріммен бере салған ен байлығын таусылмастай, сарқылмастай көруіміздің, барды …