«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.04.2020

ҰЛЫ АҒАРТУШЫНЫҢ ӘҢГІМЕЛЕРІ

“Кел, балалар оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық”, – деген ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің не бары төрт жолдан ғана тұратын осы өлең шумағын бүкіл қазақ даласында білмейтін адам кемде-кем десек, қателеспеген болар едік. Өйткені, бұл өлең жүз жылдан астам уақыт Қазақстанның оқулықтарына еніп, мектеп табалдырығынан аттаған әрбір баланың алғашқы әліппесі болып келеді. Сондықтан да ол, өлең …

ҰЛЫ АҒАРТУШЫНЫҢ ӘҢГІМЕЛЕРІ Read More »

ҚОСАРЛАНҒАН СЫНЫПТАРДА САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІН БЕ?

Ауыл тұрғындары санының кемуі көптеген салаларға өз салқынын тигізуде. Салдарынан бүгінде облыстың білім беру ұйымдары желісінде шағын жинақты мектептердің үлесі 77 пайызға жетті. Ал шағын жинақты білім ошақтарының көбінде екі сыныпты біріктіріп оқыту тәжірибесі енгізілген. Бұл білім сапасын кері кетірмесе, көсегесін көгерте қоймасы бесенеден белгілі.

МЕКТЕПТЕ ОҚЫҒАНҒА ЖЕТПЕЙДІ

Бүгінгі таңда етек жайған қауіпті індеттің салдарынан бүкіл әлем бойынша 870 миллионнан астам оқушы қашықтан білім алуда. Алғашында мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан онлайн оқытуға қатысты көптеген сұрақтар туындаған болатын. Төртінші тоқсанның алғашқы үш аптасы да көзді ашып жұмғанша өте шықты. Жаңашылдыққа қоғамның бойы үйренгендей. Қашықтан білім алудың артықшылықтары мен қиындықтары жайлы оның тікелей қатысушыларынан, яғни …

МЕКТЕПТЕ ОҚЫҒАНҒА ЖЕТПЕЙДІ Read More »

МЕЙІРІМДІ ТӘРБИЕШІ

Осыдан екі жыл бұрын ұлымды “Алпамыс” балабақшасына апардым. Ата-анасынан бір елі қалмайтын бүлдіршіннің бейтаныс ортаны жатсынып, жылағаны әлі есімде. Сол кезде “Ботақан” тобының тәрбиешісі Еңілік Тұрсынова ұлымның балабақшаға тез бейімделуіне көмектесті.

ІЗДЕНІС – ЖЕТІСТІКТІҢ БАСТАУЫ

“Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай” – деп Сократ айтқандай, егемен еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылу саясаты қоғамның барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойды. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай оқыту мазмұнына жаңаша қарау – басты …

ІЗДЕНІС – ЖЕТІСТІКТІҢ БАСТАУЫ Read More »

ҚОЛДАУҒА ДӘН РИЗА

Қызылжар өңірі – алмағайып заманда сан түрлі этносты бауырына басқан, бүгінде берекеге кенелген бірлік пен ынтымақтың мекені. Жергілікті халықтың дарқан пейілінің арқасында Есіл өзенін жағалай қонған қаншама ұлт пен ұлыс бір-бірімен жарасып, тату-тәтті күй кешуде. Қазіргі таңда оларға тарихын танып, тілі мен мәдениетін өркендетуге бар жағдай жасалып отырғанын еврей халқының өкілі, кәсіпкер әрі меценат Шуми …

ҚОЛДАУҒА ДӘН РИЗА Read More »

“АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ, БАУЫРЫМ ДЕП”

Ұмытпасам, 9-сыныпта оқитын кезім. “Достықты қалай түсінесің?” деген тақырыпта шығарма жаздық. Мұғалима апайдың атын ұмыттым, жүзінен әр кез жылылық шуағы төгіліп тұратын. “5” деген баға қойғаны есімде қалыпты. Басты кейіпкер ретінде сыныптасым әрі интернаттағы бөлмелесім Болатты таңдаппын. Мен басымнан өткен қилы тағдырым жайлы көп тіс жара бермеймін. Өзімнің сүйікті газетімнің бірлік мерекесімен орайластырып мақала жазып …

“АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ, БАУЫРЫМ ДЕП” Read More »

ІРГЕМІЗ БЕРІК

Қазақ жері талай этнос өкілдері үшін екінші Отаны болғаны жалпыға мәлім жағдай. Саясаттың құрбанына айналып, жат жерге жер аударылса да, жапан түзден жылылық тапқан олар бұл жерді мекеніне айналдырды. Десек те, еліміз тәуелсіздік алған жылдары өз қалауымен тарихи отандарына оралғандары да бар. Ал олардың Қазақстанға қайтып келгендері қаншама? Кезінде аталарына құшағын жайып, барын аузына тосқан …

ІРГЕМІЗ БЕРІК Read More »

БОТАЙДЫҢ САРЫ ДАВИДЫ

Айыртау – көгілдір тауларымен, қалың алқапты ормандарымен, айдын шалқар көлдерімен жадыңда мәңгілік сақталып қалар көркем өлке. Талайды тамсандырған қайталанбас сұлу табиғатын жырға қоспаған ақын жоқ шығар. Арқадағы осы бір ерекше өңірде көптеген этностың өкілі тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Біздің жаққа келген жандар тағдыр тәлкегіне ұшырап, қазақ даласына жер аударылған түрлі этнос өкілдері құрған ауылдардың тамаша …

БОТАЙДЫҢ САРЫ ДАВИДЫ Read More »

БІР ҮЗІМ НАНДЫ БӨЛІП ЖЕГЕН

Талай қиындықты басынан өткеріп, туып-өскен Отанынан күштеп жер аударылғандардың әрқайсысының тыңдаған жүректі елжіретер тағдыры бар екені сөзсіз. Өкінішке қарай, сол кездің ауыртпалығын көрген жандардың қатарында менің де ата-бабам бар еді. Әкем көзі тірісінде ұрпақтарына осы жайлы баяндап, қанатымен су сепкен қарлығаштай қамқорлығына алған қазақ халқына алғысы шексіз екенін үнемі айтып отыратын.

АДАЛ АЗАМАТ ЕДІ

Көнекөз қарияларымыз уақыттың ұшқыр, жүйрік желдей көз ілеспес жылдамдықпен жүйткитінін айтып отырушы еді. Өмірдің ақиқаты өзгермейді. Шынымен де, уақытты ешкім уысында ұстап тұра алмайды. Өткен күндерге көз салсам, ғұмыр көшіне бірге қадам басқан замандастарымның қатары сиреп қалыпты. Бірақ азаматтық келбетін сақтап, ел-жұртына адал қызмет атқарғандардың есімі ұмытылмайтыны анық. Солардың бірі – Қызылжар жұртшылығы үшін құрметті …

АДАЛ АЗАМАТ ЕДІ Read More »

БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

Тыныштық пен тұрақтылық жоқ жерде өрлеу мен өркендеудің болмайтыны белгілі. Бұл тұрғыда еліміз өзгелерге үлгі бола білді. Біздің жетістігімізді бүгінде әлемнің жетекші мемлекеттері жоғары бағалап, нәтижесінде олар қазақ жеріне тәжірибе алар алаң ретінде көз тіге түсті. Ал жарасымды өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдерінің басын қосатын этномәдени орталықтардың татулық пен тұрақтылықты, бірлік пен өзара түсіністікті …

БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА Read More »

“ТУҒАН ЕЛІММЕН МАҚТАНАМЫН”

Қазақстан – ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені. Бүгінде елімізді мекен еткен әр этнос өкілі ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан елдің ертеңі жарқын болуы үшін үлес қосуда. Мәселен, өнегелі ісімен, абыройлы еңбегімен көпке үлгі болған облыстық көпбейінді аурухананың рентгенэндоваскулярлық хирургия және сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Дмитрий Те отандық медицинаның өркендеуіне атсалысуда. Қазақстан халқының бірлігі …

“ТУҒАН ЕЛІММЕН МАҚТАНАМЫН” Read More »

ЫРЫС АЛДЫ — ЫНТЫМАҚ

Елімізде тұратын барлық этностар мен ұлыстардың бір үйдің баласындай болып ұйысуы оңай болмағандығын бəріміз де білеміз. Қазақстандағы тату өмірді шайқау, ел берекесін алу үшін əртүрлі ниеті арам ұйым қаржыландырған азаматтар алуан шеру ұйымдастырып, ұлттарды бір-біріне айдап салуға тырысқан кездер де болды. Өкінішке қарай, кейде дегендеріне жетіп те жатты. Осындай сын сағаттарда еліміздегі барша қазақстандықтарды бір …

ЫРЫС АЛДЫ — ЫНТЫМАҚ Read More »

ТАРАЗДАН ТАМСАНЫП ҚАЙТТЫҚ

2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласында “Рухани жаңғыру: туған жердегі киелі орындар, зерттеу, оқып-үйрену” ғылыми-тәжірибелік семинар өткен болатын. География пәні мұғалімдерінің көне шаһардың тарихын танып, білуі мақсатында өткен семинарға жүзге жуық педагог қатысты. Бұл шара елімізде төтенше жағдай жарияланғанға дейін өткенін айта кеткен жөн.

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да органикалық өнім өндіруге арналған халықаралық онлайн-семинар өтті. Жиынға жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары ғана емес, еліміздің фермерлері, Литва мен Израиль елдерінен агробизнес өкілдері қатысты.

ІСТЕРДІ ҚАШЫҚТАН ҚАРАУДА

Дәл қазіргі уақытта заманауи технологияның маңызы аңғарылуда. Соттар ұялы телефон немесе компьютердің көмегімен байланысқа шығып, тараптарды татуластырып, істі аяқтай алады. Мәселен, жақында Тайынша аудандық №3 сотында жол-көлік оқиғасының салдарынан болған шығынды өндіріп алуға қатысты азаматтық іс қаралды. Іс құжаттарына сәйкес автокөліктердің соғылуынан шағымданушының “темір тұлпары” қираған. Көлікті жөндеуге қажетті сома 468735 теңгені құрайды. Оның үстіне, …

ІСТЕРДІ ҚАШЫҚТАН ҚАРАУДА Read More »

ҰБТ УАҚЫТЫНДА ӨТЕДІ

Санаулы күндерден соң кезекті оқу жылы аяқталады. Алайда, әлемді жайлаған қауіпті індеттің салдарынан биылғы оқу жылы әдеттегіге қарағанда, өзгешелеу аяқталатыны анық. Әсіресе, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты сұрақтар көп туындауда. Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова үлкен өмірге қанат қаққалы отырған түлектер аталмыш тестілеуді қалай тапсыратынын түсіндірді.

СӨЗБЕН ЕМЕС, ІС ЖҮЗІНДЕ КҮРЕСУ КЕРЕК

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында алдымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикамен күрес шаралары туралы Шал ақын және Уәлиханов аудандарының әкімдері Нұрлан Есімов пен Медет Оспановтың есептері тыңдалды.

“SOLTÚSTІK QAZAQSTANNYŃ” WHATSAPP ЖЕЛІСІ

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар.   Редакциямызға WHATSAPP желісі арқылы 1930 жылы дүниеге келген тыл еңбеккері Айтмағанбет Дауылбайұлы хабарласты. Ол соғыс жылдары бұғанасы қатпаса да еңбек еткенін айта келе, қандай көмек …

“SOLTÚSTІK QAZAQSTANNYŃ” WHATSAPP ЖЕЛІСІ Read More »