ЖӨНДЕУ ЖҮЙЕСІЗ ЖҮРГІЗІЛГЕН Облыс әкімі қазылған жерді қалпына келтірмейтін кәсіпорындарды сынға алды
Өңірімізде жылыту маусымы аяқталды. Энергетиктер атқарған жұмыстардың қорытындысы қандай? Облысымыздың аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылып жатыр? Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті отырысында осы мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіп, жауапты органдардың басшылары есеп берді.