Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке қасиетті жерімізді мекендейтін әр адам үшін аса қымбат. Егемен еліміздегі барлық этникалық топ өкілдері біртұтас Қазақстан халқын құрайды. Біз достық пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың арқасында зор жетістікке жеттік.