ҚАЙСАР ҚАЛАМГЕР
Өңір шежіресін қара сөзбен кескіндеген бір ғасырлық тарихы бар «Soltústіk Qazaqstan» газетін көпшіліктің «қарашаңырақ» деп құрмет тұтуы бекер емес. Өйткені, мұнда ұлт игілігі жолында небір асыл азаматтар қалам қарымымен қызмет етті. Маған да есімі көпшілікке мәлім азаматтармен қатар еңбек ету бақыты бұйырды. Редакция табалдырығын 1966 жылы аттаппын. Кеңес одағы тұсында баспасөз күні 5-ші мамырда аталып …