«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.07.2020

БЕС АДАМ СУҒА КЕТТІ

Өткен жұмада облыста 5 адам су құрбаны болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағ­дайлар жөніндегі департаментте өткен бас­пасөз мәслихатында айтылды.

ҚАЙСАР ТҰЛҒА, ҚАЖЫРЛЫ ҚАЙРАТКЕР

Үстіміздегі жылдың 22 маусымында көрнекті мемлекет қайраткері, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Социа­листік Еңбек Ері Еркін Әуелбеков тірі болса 90 жасқа толар еді. Мәскеудегі Тимирязев атындағы академияны қызыл дип­ломмен тамамдап, еңбекке ерте араласқан Ерекең өмір жолында ұсынылған лауазымның бәрін мінсіз атқарып шықты. Ол бүкіл болмысымен әділетсіздік пен заңсыздыққа жол бермейтін, ұлты мен еліне қатысты өрескелдіктермен аяусыз …

ҚАЙСАР ТҰЛҒА, ҚАЖЫРЛЫ ҚАЙРАТКЕР Read More »

Тұрмыс түзеліп келеді

Жамбыл ауданындағы Айым­жан ауылының 90 жылдан астам та­рихы бар. Күре жолдың бойын­да орналасқан елді мекеннің бір кездері атағы жер жарып тұрған еді. Тұрғындары еңбекте ғана емес, өнерде де талайды тамсандырды. Халық театрын білмейтін­дер кемде-кем. Өкінішке қарай, соң­ғы жылдары ауыл жүдеу тарт­қа­ны жасырын емес. Туған жер­дегі қарашаңырақты шайқалтпай, түтінін түтетіп отырған азаматтар екі қолға бір күрек …

Тұрмыс түзеліп келеді Read More »

ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ — ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС

Өткен жылдың соңында қала­лық әкімдіктің жанынан “іKomek” жедел әрекет ету орталығы ашыл­ған болатын. Содан бері об­лыс орталығындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы түйінді мәселелер­дің жедел шешілуін қамтамасыз етуі тиіс диспетчерлік қызметтің жұмысы үнемі жетілдірілуде. Об­лыс тілшілерімен кездескен Пет­ропавл қаласының әкімі Болат Жұ­мабеков жедел әрекет ету ор­талығының қазіргі жұмысымен та­ныстырып, өткен айларда оң тә­жі­рибе жинақталғанын айтты. Ал­дағы …

ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ — ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС Read More »

Еңбектің наны тәтті

Карантин шаралары кезінде тұрғындардың жұмыспен қамтылу мәселесі ұдайы назарда. Жыл басынан бері екі қолға бір күрек іздеген Петропавл қаласының 600-ге жуық тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасқан. Карантин кезінде құрылыс саласының мамандықтарына, қойма жұмысшылары және тауар жеткізуші сынды бос орындарға сұраныс артқан. Бұл мамандықтар бойынша өңірдегі орташа жалақы мөлшері 80 мың теңгені құрап отыр.

АШЫҚТЫҚ – БАСТЫ ҚАҒИДА

Ел Тәуелсіздігінен кейін сабақтастық дәстүрлер негізінде дәйектілікпен жүргізілген саяси, экономикалық реформалар мен қол жеткен жетістіктер еліміздің дамуына ерекше серпін беріп, жаңа сапалық кезеңге көтерілуге зор мүмкіндіктер жасап отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” Жолдауында атап өткендей, алдымызда азаматтарымыздың мүдделеріне сәйкес келетін, біртіндеп жүзеге асырылатын тиімді мемлекет құру секілді …

АШЫҚТЫҚ – БАСТЫ ҚАҒИДА Read More »

Дәріні қымбаттатқандар бар

Індет алқымнан алған шақта дауа іздеп дәріханаларға сабылған жұрт кейде керегін таппай, қиналып қалуда. Бұл жағдай барлық өңірге тән. Дәріханалардың кейбірінде әдетте үйіліп жататын қарапайым парацетамол табылмай жүргенін жасырып қайтеміз.

ДАМУ ЖАҒЫНАН АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДАМЫЗ

Өңірімізде сәуір айында карантин жарияланып, көптеген нысандар жұмысын тоқтатқанымен, жалпы даму көрсеткіші өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда төмендеген жоқ. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында айтылды. Жиында облыстың алты айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және бюджеттің кірісі мен шығыс бөлігінің орындалу барысы талқыланды.