«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.07.2020

ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ ДІҢГЕГІ

“Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты”, – деп дана халқымыз бекер айтпаған. Кезінде қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов ғылым мен мәдениетті барлық дүниенің алтын алқасына теңеген болатын. Ол рас, мәдениет – әлеуметтік фактор әрі қоғамның қозғаушы күші. Бұл өте күрделі және көпдеңгейлі жүйе.

“АУЗЫНАН ЖАЛЫН ШЫҚҚАН ЖАС ЖАНАТАЙ”

“Сен барда босағам төр менің, Қос анам, бірі сен – Өрнегім. Өзіңмен биікке өрледім, Өзіңдей басқа жер көрмедім”, – деп ақын Есләм Зікібаев жырға арқау еткен Есіл ауданының Өрнек ауылында небір алып тұлғалардың дүниеге келгені тарихтан белгілі. Солардың бірі – жоңғар шапқыншылығы тұсында қайтпас қайсарлығымен, қажыр-қайратымен, өшпес ерлігімен танылған Жанатай Жәнкеұлы.

“БАЙЛАНЫС АЯСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ”

Әлемде ұялы байланыстың 5G жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл жаңашылдық бізге де келеді-ау деп үміттенеміз, әрине. Алайда, іргедегі Бәйтерек ауылына телефон соғып көрсеңіз, көңіліңіз су сепкендей басылады. “Байланыс аясынан тыс жерде”. Телефон тұтқасынан еститініңіз дәл осы сөздер. Ал ауыл тұрғындарының телефонмен сөйлесетін арнайы орындары бар: біреудің қорасының жаны, екіншісінің үйінің шатыры дегендей. Қалаға тиіп тұрған ауылдағы …

“БАЙЛАНЫС АЯСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ” Read More »

АЛАЯҚТЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕҢІЗ!

Бүгінгі таңда ғаламторды, оның ішінде онлайн төлем жүйесін пайдаланбайтын адам кемде-кем. Әсіресе, таңы мен түні таласқан қала тұрғындары уақытын үнемдеу үшін электронды қызметтердің көмегіне жүгінуді әдетке айналдырған. Атап айтқанда, қашықтан қаржылай сауда жасап, коммуналдық төлемді өтеп, көлік билеттерін сатып алып, ұялы байланысының бірлігін толтырады. Мұның қауіпті жағы барын көпшілік біле бермейді.

САПА — БАСТЫ ӨЛШЕМ

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызмет көрсету сапасына ерекше мән беру, тиімділігін арттыру басты назарда ұсталынғанымен, тұрғындардың жоғары сұранымы өз дәрежесінде өтеле бермейтін жағдайлар кездесіп қалады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” Жолдауында мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету талабын қойып, халықпен тиімді кері байланыс орнатуда қоғамдық …

САПА — БАСТЫ ӨЛШЕМ Read More »

ШӨП ШЫҒЫМЫ ЖАҚСЫ

Ауылдағы ағайын шілде айы басталысымен шөп шабу науқанына қызу кіріскен болатын. Жауапты шақ басталғалы шабындыққа шалғы түсірген Мамлют ауданының шаруалары да уақытпен санаспай еңбек етуде. Биылғы жоспарға сәйкес ауданда жалпы 38 мың тонна шөп шабу жоспарланған. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанат Елиясовтың айтуынша, бұл жергілікті шаруалардың жылдық қажеттілігін толықтай қанағаттандырмақ.

АУДАНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

Шал ақын ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

ЖОЛАУШЫҒА ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Бүгіндері облыстың бас шаһарын жаңғырту қарқынды жүргізілуде. Әсіресе, Петропавл темір жол вокзалында жұмыс қыза түскен. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов сырттан келген жолаушылардың қала туралы алғашқы көзқарасы қалыптасатын вокзалда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.