«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.07.2020

Солтүстікте аз қамтылған отбасылар компьютерге қол жеткізеді

Облыстық әкімдіктің отырысында жаңа оқу жылына дайындықтың барысы пысықталды. Барлығы 80 мыңға жуық оқушының ауылдық жерлердегі 14 мыңдайы парталарға отырады. Қалғаны, бұл – 81 пайыз, екі тоқсан бойы былтырғы жылдың соңғы тоқсанындағыдай қашықтан оқитын болады.

Жұмыс беруші 42 500 теңге алуға өтініш беруден бас тартса қайда хабарласу керек

Егер жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін 42 500 теңге төлем алуға өтініш беруден бас тартса не істеу керек? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді.

889 мыңнан астам қазақстандық “42 500 теңге” біржолғы төлемін алды

21 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1,5 млн бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 млн. 121 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 889,5 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл туралы Еңбек және …

889 мыңнан астам қазақстандық “42 500 теңге” біржолғы төлемін алды Read More »

Қазақстандық студент “Славян базарында” жүлдегер атанды

Белоруссияда өтетін дәстүрлі “Славян базары” байқауы өз мәресіне жетті. Қазақстанның атынан додаға түскен отандасымыз Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Бексұлтан Кенішқалиев үшінші орынға ие болды.

Қазақстан эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру деңгейіне шықты

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елімізде қабылданып жатқан эпидемияға қарсы шаралар және 18 шілдеде өткен кеңесте Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНГЕНІ – ҚУАНЫШ

Мамандықтың бәрі қадірлі. Әсіресе, жастар арасында қарапайым жұмысшы мамандықтарына қызығушылардың бар екені қуантады. Мәселен, ұста, тракторшы, механик, құрылысшы, тіпті, дәнекерлеуші сияқты ерлерге тән кәсіпті нәзік жандар да аса қызығушылықпен игеруде.

Сақтықты ұмытпаса…

Адамдар қаланы былай қойғанда, ауылдық жердің өзінде тиіп тұрған жерге жаяу бармайды қазір. Әр үйде қос-қостан көлік. Осындай кезде кей адамдар көлік кептелісінде тұрмай, қалаған жеріне әлдеқайда жылдам әрі оңай жетудің амалы ретінде велосипедті пайдаланатыны белгілі. Алайда, қос дөңгелекті көлік иелері жолда жүру ережесін сақтамағанымен қоймай, басқа көліктермен қатар жаяу жүргіншілерге де кедергі келтірулерін доғарар …

Сақтықты ұмытпаса… Read More »

АЗДЫРАР АДАМ БАЛАСЫН

Жуырда облыста болған оқиға естіген адамның жағасын ұстатып, өңір жұртын дүрліктірді. Қатарластары мектепті тамамдап, жоғары оқу орнына түсудің амалын ойлап жүргенде, 18 жастағы қыз қауіпті синтетикалық есірткі затын жасап, интернет арқылы саудалады деген күдікке ілінді. Тексеріс барысында үрімдей жастың қолдан жасаған 40 грамм есірткісі, яғни 600 адамға жетерлік доза тәркіленді.

АУЫЛДЫ ТАҢДАҒАН АСТАНАЛЫҚ атакәсіпті дамытуды көздейді

Үлкен қалаларда табысты қызмет атқарып, еңбегімен елге танылып жүрген азаматтардың басым бөлігі ауылдық жерден шыққаны белгілі. Олар алдына белгілі бір мақсат қойып, асқақ арманына жету жолында аянбай еңбектеніп, талпынғанының арқасында талай биіктерді бағындыра білді. Алайда, күнделікті нәпақасын табу үшін ауылдан қалаға барып, онда жалдамалы пәтер жағалап, тұрақты табысқа қол жеткізе алмай жүргендер де баршылық.

БАР БІЛІМІМІЗ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

Бүгінгі таңда жастардың жан-жақты дамып-жетілуі, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде білім алулары үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Жаңа буын өкілдеріне осындай сенім артылып отырғандықтан, шетелде алған біліміміз бен тәжірибемізді ел игілігіне жұмсауға тиіспіз.

ТЫНЫС АЛУ АППАРАТТАРЫН ТАРТУ ЕТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты “Зекет” қоры өңірлік филиалының ұйымдастыруымен “Өмірге үміт сыйла!” акциясы аясында ауруханаларға 36 өкпені жасанды тыныстандыру аппараты жеткізілді. Қайырымдылық шарасы аясында қордың арнайы шотына өңіріміздің 20-дан астам кәсіпкері мен жеке азаматтар 23 миллион теңгеге жуық қаржы аударған.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: “БІЗ ЕШ НӘРСЕНІ ЖАСЫРМАУЫМЫЗ КЕРЕК” (Президент Үкімет мүшелері мен әкімдерді қатаң сынға алды)

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қатысты селекторлық отырыс өткізді” деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ

Жаздың жайма-шуақ күндері каникулға шыққан кішкентай қалалықтар, әдетте, орталық саябақтағы түрлі аттрак­циондарды ермек етеді. Ал бұл құрылғылар балалар үшін қан­шалықты қауіпсіз? Соңғы уақытта елімізде аттракцион­дарға байланысты тосын оқиғалардың жиілеп кеткені жа­сырын емес.

Алғыс білдірді

Петропавлдық полиция инс­пек­тор­лары республикалық “Жол­­да қа­былдау” акциясын жүр­гізуі ке­зін­де оған көптеген тұрғын­дар, со­ның ішінде бір мұғалім ал­ғысын білдір­ді. Әйел мұғалімнің айтуына қара­ғанда, жалғыз ұлы көп жыл­дан бе­рі жаман әдетке бой ал­дыр­ған екен. Соны учаске­лік инс­пек­тор­лар Жақ­сылық Ис­ма­қов пен Дәу­­рен Рым­баев қолға алып, түзе­лу жолына салыпты. Учаскелік инс­пекторлар­дың үзбей қадаға­ла­ған­дығының ар­қасында жас аза­мат тү­зеліп, арақ­ты қойып, …

Алғыс білдірді Read More »

Мал ұрлығы азайды

Облыстық полиция департаментінде онлайн режімде жедел кеңес өтіп, тәртіп сақшыларының жарты жылда атқарған жұ­мысы сараланды. Өткен алты айдың қорытындысына сүйен­сек, өңірімізде қылмыс саны төмендепті. Әсіресе, жиі жаса­латын пәтер тонау, ұялы телефон, мал ұрлығы саябырлаған.

ЖҮГЕРІ — ПАЙДАЛЫ ДАҚЫЛ

Елімізде жүгері дақылы 1958 жылдан бері егіле бастады. Әу бас­та ұраншылдықпен бастал­ды, қа­жеті шамалы көрінген, алай­­да, кейін пайдасы шаш етек­тен еке­ні­не көз жетті. Бүгінде жү­гері әлем­де­гі ең көп егілетін да­қыл­дар ара­сында тек бидайға ға­на жол беріп тұр. Ол құс шаруа­шы­лығында да, мал бордақы­лау­да да таптыр­май­тын дақыл екені баяғыда-ақ дә­лелденіп қойған. Егуінен бастап, оны күтіп-баптауға ерекше …

ЖҮГЕРІ — ПАЙДАЛЫ ДАҚЫЛ Read More »

Taǵaıyndaý

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Медет Дулатұлы Оспанов облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.