«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.07.2020

АҚИҚАТТЫ ТУ ЕТКЕН

Биылғы жылдың 18-19 ақпанында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті “Журналистика” кафедрасының ұйымдастырумен “Soltústik Qazaqstan” – бір ғасырлық шежіре” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатыстым. Осы басылымның кешегі репрессия жылдарындағы тарихын зерттеушілердің бірі болғандықтан, газеттің 1936-1937 жылдардағы бас редакторы Сейілбек Үсенов жөнінде көпшілікке белгісіз бірқатар жаңа мағлұматтар берген едім (бұл туралы “Soltústik Qazaqstan” газетінің 2020 жылғы 13 …

АҚИҚАТТЫ ТУ ЕТКЕН Read More »

АТАМЕКЕНГЕ ОРАЛУ – ШЕТТЕГІ ӘР ҚАЗАҚТЫҢ АРМАНЫ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Арман Сүйіндіков – атамекенді аңсап, үкілі үмітін арқалай келген қандастарымыздың бірі. Ол бүгінде өңіріміздегі қаракөздердің қатарын қалыңдатуға күш жұмылдырумен қатар, қазағымыздың ұмыт бола бастаған кейбір ұлттық құндылықтарын қайтадан жаңғыртуға көңіл бөліп жүр. Жақында жүрегі қазақ деп соққан азаматпен сұхбаттасудың сәті түсті.

ОТБАСЫЛЫҚ ІС — ТАБЫС КӨЗІ

Шағын және орта кәсіпкерлік ел экономикасының басты қозғаушы күші болғандықтан, бүгінде мемлекет аталмыш саланы дамытуға басымдық беруде. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ел ішінде бұл салаға бет бұрған іскер азаматтардың саны артты. Солардың бірі – Нұрлан Ахмадиев Қызылжар ауданының орталығында ағаш өңдеу цехын ашып, ісін дөңгелетіп отыр.

СОТ – ӘДІЛДІК АЛАҢЫ

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің игілігі үшін қабылданған заңдардың арқасында мемлекетіміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Қоғам дамыған сайын оның даму бағдарын белгілейтін заңдар да жетілдірілуде. Сот жүйесі де өз өкілеттігін адам мен адамзаттың құқығы мен бостандығын қорғайтын, Қазақстан Республикасының біртұтас экономикалық және құқық кеңістігі жолында жүзеге асыратын биліктің дербес, тәуелсіз тармағы ретінде шешуші қадамдар жасауда.

Офтальмологиялық клиника ашылды

Шал ақын аудандық орталық ауруханаcының окулист-дәрігері Наталья Тимофеева мемлекет қолдауын ұтымды пайдаланып, Сергеевка қаласында офтальмологиялық клиника ашты. Осыған дейін көзі ауырса нақты диагноз қою үшін облыс орталығына баруға мәжбүр шалақындықтар заманауи қондырғылармен жарақтандырылған клиниканың ашылғанына дән риза.

ОҚУ ЖЫЛЫНА ӘЗІРЛІК ҚАЛАЙ?

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге өңір түлектерінің 71 пайыздан астамы қатысып, республикадағы орташа көрсеткіштен жоғары ұпай жинады. Оқушылардың төртінші тоқсанда қашықтан білім алғанын ескерсек, түлектердің жақсы нәтиже көрсетуі сапалы білім берілгенін айғақтайды. Алдағы жаңа оқу жылы да қашықтан басталатындықтан, оған дайындық тіпті тиянақты жүргізілуі тиіс. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті отырысында осы …

ОҚУ ЖЫЛЫНА ӘЗІРЛІК ҚАЛАЙ? Read More »

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру бағытында берілген тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жайында есеп берді.

АУЫЛДАҒЫ ШЕНЕУНІКТЕРГЕ – ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Биылғы жылдың 17 шілдесінен бастап «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Осыған орай мемлекеттік қызмет істері облыстық департаментінің бас маманы Гүлжан Жұмағазина заңнамадағы жаңашылдықтар жайлы онлайн семинар өткізді. Семинарға Мамлют ауданының мемлекеттік органдарының қызметшілері қатысты.

ДӘМХАНА ИЕЛЕРІ ЖАЗАЛАНДЫ

Өңір полицейлері Петропавл қаласындағы жазғы дәмханаларда карантин талаптары сақталмайтынын анықтады. Парк көшесіндегі дәмханалардың бірінде тексеріс кезінде 30-дан астам адам болған. Әлеуметтік арақашықтық сақталмаған. Ал басқа дәмхананың иелері үстелдерді қауіпсіз қашықтықта орналастырмағаны және қызметкерлерінің дене қызуын өлшемегені үшін жауапкершілікке тартылды.

Қаруларын тапсырды

Солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз сақталып келген қару-жарақ пен оқ-дәріні сатып алу бойынша өткен акцияны қорытындылады.

Алаяқтар алысқа кете алмады

Мамлют аудандық полиция бөліміне 76 жастағы кейуана арызданып, үйіне мемлекеттік қызметшімін деп алдап кірген екі әйел барлық жиған-терген ақшасы мен алтын заттарын қолды қылғанын айтқан.

ТӘУЕКЕЛ ТОБЫНДАҒЫЛАРҒА – ҮСТЕМЕАҚЫ

Елімізде COVID-19 қарсы күресіп жүрген 53 мың медицина қызметкеріне маусым айы үшін үстеме ақы төлене бастады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен медициналық сақтандыру қорына 35,7 млрд. теңге бөлінді. Қор қаржы операторы ретінде медицина қызметкерлерінің наурыз бен маусым айы аралығындағы еңбекақысына қосымша 32 млрд. Теңгеден астам қаржы төледі. Қордың біздің облыс бойынша филиалы осы кезеңде 1200-ден астам …

ТӘУЕКЕЛ ТОБЫНДАҒЫЛАРҒА – ҮСТЕМЕАҚЫ Read More »

ҚҰНДЫ ЕҢБЕК

Қызылжар топырағында дүниеге келген танымал жерлестеріміздің арасында мәдениет саласына зор еңбек сіңірген азаматтар баршылық. Солардың бірі – қазақ кино өнерінің көрнекті қайраткері, режиссер, актер Аяған Шәжімбаев. Ол аққан жұлдыздай жарқ етіп, қырықтан асқан шағында қыршынынан қиылған еді. Жас ұрпаққа дарын иесін жақынырақ таныстыру мақсатында “Алаштың Аяғаны” атты жинақты сөз еткелі отырмын. Бұл кітапта Аяған Қуандықұлы …

ҚҰНДЫ ЕҢБЕК Read More »

47 ҚАРУ ҚАБЫЛДАНДЫ

Солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз сақталып келген қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алу бойынша өткен акцияны қорытындылады.

ТАҢДАЙЛАРЫНА ТАТЫМАПТЫ

Шал ақын ауданында нөмірлік белгісі болмауына байланысты автопатруль тоқтатқан «МТЗ-82» тракторы полиция бөлімінің арнайы тұрағына қойылды. Себебі, бір заң бұзушылығы аз болғандай, 48 жастағы жүргізуші мас екені анықталды. Қимыл-қозғалысы бұзылған ол медициналық куәландырудан бас тартты. Тракторшы былтыр күзде 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылған екен. Енді ол ірі мөлшерде айыппұл төлеуі, немесе 5 жылға бас …

ТАҢДАЙЛАРЫНА ТАТЫМАПТЫ Read More »