«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.07.2020

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Солтүстік Қазақстан облысынан депутат сайлауға кандидаттарды тіркеудің қорытындылары туралы

2020 жылғы 23 сәуірде үстіміздегі жылдың 12 тамызында өтетін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Солтүстік Қазақстан облысынан депутаттыққа кандидаттарды тіркеу аяқталды.

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ КАРАНТИН КҮШЕЙТІЛЕДІ

Соңғы дерекке көз салсақ, облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жалпы саны –  2451 адам. Соның ішінде 1401 адам емделіп, ауруханадан шықты. Өкінішке қарай, 8 науқас қауіпті індеттен көз жұмды. Өңірдегі ахуал туралы облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов “Instagram” әлеуметтік желісінде өткен тікелей эфир барысында айтып, “COVID-19” вирусымен күрес, аурудың алдын алуда өңірде атқарылып жатқан …

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ КАРАНТИН КҮШЕЙТІЛЕДІ Read More »

ҚЫСҚА ӘЗІРЛІК ОЙДАҒЫДАЙ

Жаз басталысымен облыс орталығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жандана түседі. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов осындай бірнеше нысанда болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Жеңімпаздар анықталды

Қазақстан халқы Ассамблея­сының 25 жылдығына арналған “Тарт, домбыра!” атты шығар­ма­шылық байқаудың қорытын­дысы шықты.

ЖАҒАЖАЙҒА БАРМАҒАН АБЗАЛ

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қазір жағажайлар жабық, өзен-көлдерге шомылуға тыйым салынған. Соған қарамастан жауапкершілігі төмен кейбір жерлестеріміз бұл талапқа бағынбай отыр. Бұған “Jas Otan” жастар қанаты мен өңірлік партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Петропавл қаласының жағажайларына жасаған рейд бары­сында көз жеткізді.

Абайдың әні алғашқы рет жапон тілінде шырқалды

Жапон әншісі Ранка қазақстандықтарды қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен жапон тілінде “Көзімнің қарасы” әнін орындау арқылы құттықтады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АЙРЫҚША ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАЖЕТ

Өңірде 8 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда аталмыш мекемелерде тұратын 1637 адам кешенді әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етілген. Соның ішінде бірінші және екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі 1353 ересек адам, 44 бала, 240 қарт бар. Онда мыңнан астам қызметкер еңбек етеді.

ТАПА-ТАЛ ТҮСТЕГІ ТОНАУ

Петропавлда «Корона» сауда үйінің маңында таңғы сағат 10 шамасында белгісіз ұры жайбарақат кетіп бара жатқан әйелдің қолынан ақша салынған пакетті жұлып алып, үйлердің арасымен қаша жөнелген. Абдырағаннан айқайға басқан әйелдің даусын қалалық патрульдік полиция батальоны экипажының қызметкерлері естіп, полиция аға лейтенанты Асқар Татанов ұрының соңынан қуа жөнелді. Қуғыншыны байқаған қаскөй қолындағы пакетін лақтыра салып, аулалардың …

ТАПА-ТАЛ ТҮСТЕГІ ТОНАУ Read More »

СҰРАНЫСҚА ИЕ ЖИНАҚ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаға «Абай Құнанбаев» атты жаңа он томдық жинақ түсті. Үш тілде жарық көрген жинақ онлайн режімде оқырмандарға таныстырылды.

Президент Түркістан мен Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

1,6 млн-ға жуық қазақстандыққа 42 500 теңге берілді

24 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 661 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 594 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл туралы Еңбек …

1,6 млн-ға жуық қазақстандыққа 42 500 теңге берілді Read More »

“Қазақстан барысының” қаны құйылады

Семей қаласында коронавируспен ауырып шыққан білім мекемелерінің басшылары иммундық плазма доноры болды. Олардың арасында көлік колледжінің директоры, қазақ күресінен әлемнің төрт дүркін чемпионы, “Әлем барысы” жарысының екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров та бар.

Головкин үздік ондықта

“ITRboxing.com” порталының сарапшысы әрі авторы Люки Кеттель салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар рейтингін жасады.

Турнир жеңімпазы

“Team Kazakhstan” академиясының түлегі – теннисші Дана Байдәулет М.В.Бальваның мемориалына арналған турнирдің жеңімпазы атанды.