«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.07.2020

ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТТЫ

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Руслан Сейталиннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Тұрғындар үшін ыңғайлы

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мемлекеттік ве­те­ринариялық қызметтің маңызды әрі стратегиялық міндеті болып та­былады. Соңғы жылдары вете­ри­нария саласын цифрландыру бо­йынша қолға алынған шаралар­дың нәтижесінде халыққа көрсеті­ле­тін мемлекеттік қызметтердің саны артуда. Бұл өз кезегінде үй жануары мен ауыл шаруашылығы тауарына қажетті рұқсат құжат­тарын алуды жеңілдетуде. Өті­нішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету аудандардағы ау­мақтық инспекцияларда, “Элек­тронды үкіметтің” …

Тұрғындар үшін ыңғайлы Read More »

Дәмхана иелері жазаланды

Өңір полицейлері Петропавл қаласындағы кейбір жазғы дәм­ха­наларда карантин талаптары сақ­тал­майтынын анықтады. Парк кө­шесіндегі дәмханалардың бі­рін­де тексеріс кезінде 30-дан көп адам бол­ған. Әлеуметтік арақа­шықтық сақталмаған. Ал басқа дәмхана­ның иелері үстелдерді қауіпсіз қа­шықтықта орналас­тыр­мағаны жә­не қызметкер­ле­рінің дене қызуын өлшемегені үшін жауапкершілікке тартылды.

Таңдайларына татымапты

Шал ақын ауданында мемлекеттік нөмірі болмауына бай­ла­нысты автопатруль тоқтатқан “МТЗ-82” тракторы по­лиция бөлімінің арнайы тұрағына қойылды.  Себебі, нөмірсіз жүргені аздай, 48 жастағы жүргізуші мас болып шықты.

Ақынның он томдығы

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітап­ханаға “Абай Құнанбаев” атты жаңа он томдық жинақ түсті. Үш тілде жарық көрген жинақ онлайн режімде оқырмандарға  та­ныстырылды.

ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР

Биыл археологтар мен М.Қо­зыбаев атындағы СҚУ­ студенттері Уәлиханов ауда­нындағы Қызылоба тарихи ор­нындағы Шыңғыс хан әулеті­нің жеті қабіріне қазба жұмыс­тарын жүргізгені белгілі. Қаз­ба жұмыстары кезінде көпте­ген құнды жәдігерлер табы­лып, оқу орнына жеткізілді.

КЕШІГІП ЖЕТКЕН ЖҮЛДЕЛЕР

Қазақстандық спортшылар төрт жылда бір келетін жазғы Олимпиада  ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Жерлестеріміздің ең алғаш Лиллехаммерде өткен қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынағаны белгілі. Мұндай ірі додаға алғаш қатысып тұрса да, қазақстандықтар алпауыт елдердің спортшыларымен бір деңгейде бақ сынаса алатынын байқатты. Екі жылдан кейінгі Атлантадағы аламанда да ұл-қыздарымыз аянып қалған жоқ.

АЛТЫ АЙДЫҢ АЙШЫҚТЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-эко­но­микалық даму қорытындылары бойынша облыста, тұтастай алғанда, экономикалық қызметтің барлық салаларында оң серпін тіркелді. Статистикалық деректерге сүйен­сек, аталмыш кезеңде құрылыс жұ­мыста­рының көлемі – 42,3 пайызға, негізгі к­апи­тал­ға салынған инвестициялар – 23,4 па­йыз­ға, тұрғын үйі салу – 16 пайызға, өнер­кәсіп өндірісі – 11,4 пайызға, ауыл шаруа­шылығы 3 пайызға өссе, бөлшек сауда көр­сеткіші 5,8 пайызға төмендеді.

ӘЛЕМІ ӘДЕМІ ӘУЛЕТ

Жарты ғасыр бойы қол ұстасып, өмірдің ащысы мен тұщысын, қиындықтары мен қызықтарын бірге көріп, Алла берген ұрпағын мәпелеп, өздерінің ғана емес, халықтың сүйікті ұлдары мен қыздары етіп тәрбиелеген өнегелі отбасылар біздің облысымызда да баршылық. Солардың бірі – елеулі еңбегімен, ұлтына деген жанашырлығымен, үлгілі істерімен көпшілікке танылған мерейлі жандар – Иманбай Қақашұлы мен Мәриям Манапқызы. Ендеше, …

ӘЛЕМІ ӘДЕМІ ӘУЛЕТ Read More »

Бейбіт өмір сыйлады

Жеңіс – біздің отбасымыз үшін қа­сиет­ті ұғым. Себебі, менің сүйікті  атам Есен Оспанұлы Ұлы Отан соғысына қатысып, елдің тыныштығы мен жар­қын болашағы үшін күрескен жан. Ол 1918 жылдың 10 наурызында Шал ақын ауданының Жалтыр ауылында дүниеге келген. Петропавл қаласын­да­ғы мұғалімдер даярлайтын мектеп­тің 3-інші курсында оқып жүргенде әс­кер қатарына алынып, Ленинград об­лы­сының Красногвардейск қаласын­дағы полк мектебінде …

Бейбіт өмір сыйлады Read More »