Қала, аудан прокурорлары тағайындалды
Петропавл қаласы және Қызылжар, Тайынша, Мағжан Жұмабаев, Мамлют аудандарының прокурорлары тағайындалды.
Петропавл қаласы және Қызылжар, Тайынша, Мағжан Жұмабаев, Мамлют аудандарының прокурорлары тағайындалды.
Өңірдің шалғай ауданында орналасқан фермерлік қожалықтың бірінен сауатсыз әрі құжатсыз балалы әйел табылды. Бұл жайтты полиция департаментінің қызметкерлері “STOP трафик” жедел-профилактикалық шарасы барысында анықтады.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде (Kozybayev university) соңғы шыққан техникамен жабдықталған сандық бейнестудия ашылды. Бұл жоба “Цифрлы Қазақстан” бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Оның ашылуына қатысқан меймандар студияның мүмкіндіктерін байқап көрді.
“Ел-шежіре” қоғамдық қоры “Ұлы дала тұлғаларының даналық сөзі” жинағын басып шығарды. Кітапқа қазақ топырағында туып-өскен жүзден астам танымал тұлғаның әдеби және ғылыми мұраларынан, әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен естеліктерінен және тағы да басқа деректерден іріктеліп алынған 1500-ге жуық нақыл сөздері мен ой толғамдары топтастырылған.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта “IBF” және “IBO” тұжырымдары бойынша чемпион Геннадий Головкин келесі қарсыласы польшалық Камил Шереметамен 21 қарашада жұдырықтасатын болды. Бұл туралы жақында “The Athletic” инсайдері Майк Коппинджер хабарлады.
Бұған дейін қазақ күресі үш ұйымнан тұратын. Олар – әлемдік, республикалық және халықаралық федерациялар. Бұл төл өнер бойынша өткізілетін біріншілікті тиімді басқару мен дамыту процесін едәуір қиындатты. Енді олар “Qazaq kuresi” қауымдастығына біріктірілді.
Бүгін велоспорттан “Джиро д’Италия” грандтуры басталды. 15 қазанға дейін созылатын велокөпкүндікте “Astana Pro Team” велоклубы да спортшылары бақ сынайды.
Қашықтан оқыту өркениетті елдер үшін қалыпты дәстүр, кәдуілгі іс саналады. Еуропада бұл өміршең әдіс өткен ғасырда енгізіле бастаған. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылады. Қазіргідей жаhандану дәуірінде ғаламтор жүйесінің қарқынды дамуы, интернет пайдаланушылар санының күрт көбеюі, ақпараттық-коммуникативтік құралдардың озық технологияларға негізделуі қашықтан оқыту мүмкіндіктерінің аясын кеңейтіп, ауқымын арттырды. Мектеп бағдарламасын қашықтан оқыту тәжірибесі алғаш рет …
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-7-1) Ресейде өткен “Fight Nights Global 98” турнирінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Көңіл толқыны Қауырсын қанат балғын шәкірттердің хаттарын редакцияға Бибігүл Шамилова жолдапты. Психолог мұғалімнің айтуына қарағанда, Благовещенка қазақ мектебінде оқитын 271 балаға 44 мұғалім сапалы білім, саналы тәрбие берумен айналысады. Жібек Мырзатаева жетекшілік ететін ұжым – мақтаулылар санатында. Біз мектеп бітіргелі отырған жеткіншектердің ұстаздары жайлы жүрекжарды толғаныстарын, ыстық лебіздерін қаз-қалпында беруді жөн көрдік.
Дана халқымызда «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген нақыл сөз бар. Бүгінде көп тіл білу – заман талабы. Уақыт көшінен қалмай, біліктілігін арттырып, білімін жетілдірген Анна Ваховская сынды бәсекеге қабілетті жастардың болашағынан зор үміт күтуге болады.
Әскер қатарына шақырылған бозбалалар салмақ жетіспеушілігінен, денсаулық дімкәстігінен Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге жарамсыз болып жататынын естіп жүрміз. Меніңше, оның түп негізі жастайынан еңбекпен, спортпен ширығып өспегенінде жатыр.
Жылда бір күн мереке – ұстаздарға, Маңызы өте терең ұққандарға. Жан жылуын, мейірін себелеген, Алдынан білім алып шыққандарға.