«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оқырман олжасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кі­тап­хананың қоры жаңа әдебиеттермен толықты. Оқырман­дарды түрлі жанрда жазылған тың туындылармен жақынырақ таныстыру мақсатында көрме ұйымдастырылды.
Осы жолы кітапхана сөрелері­не бизнес, менеджмент, психоло­гия кітаптары, детектив жанрдағы 100-ден астам шығармалар қо­йыл­ды. Мұндай көрмелер кітап­ха­нада тоқсан сайын өткізіліп тұра­ды. Бұл қала тұрғындары мен қо­нақтарының кітап оқуға деген ықы­ласын арттыру мақсатында жүзе­ге асырылуда.
Жаңа кітаптармен танысуға кел­гендердің бірі – Мәдина Құдай­бергенова. Ол – кітапхананың тұ­рақты оқырмандарының бірі. “Ұсы­нылған кітаптардың ішінде ма­ған Владимир Высоцский тура­лы туынды ұнады. Оны үйге жаз­ды­рып алайын деп тұрмын. Менің ойымша, ол – орыс қаламгерле­рі­нің ішіндегі ең мықтысы”, – деп ой бөлісті. 

Шығармалар үш тілде ұсыныл­ған. Мысалы, Голливуд жұлдызы Джеки Чанның кітабын тек ағыл­шын тілін білетін оқырмандар оқи ала­ды. “Бұл кітап – әлем бойын­ша ең көп оқылатын туындылар­дың бірі. Джеки Чан өзінің өмірі, ең­бек жолы, актерлік шеберлігі ту­ра­лы жазған. Олег Рой, Стивен Кинг­тің де шытырман оқиғаға толы жауһар дүниелері әркімді ерекше әсерге бөлемек”, – дейді кітапха­на қызметкері Елена Скакунова.
Мұнда төл тарихымыздан сыр шертетін кітаптар да баршылық. Қазақ батырлары, киелі жеріміз бен ұлы Абай туралы басылым­дар көпшіліктің сұранысына ие болары анық. Бұлардың қатарына Виктор Зайберттің “Ботай” атты туындысын жатқызуға болады. Бұл кітапқа жергілікті ғалыммен бірге Ботай археологиялық экспе­дициясына қатысқан басқа да ар­хеологтардың еңбектері кірген.

Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústіk Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp