Бүгін «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша «Жас өркен» шағын ауданындағы 18 қабатты тұрғын үйге конкурс басталды. Көпқабатты үй Петропавлда Жамбыл көшесі, 49 мекенжайында орналасқан.
Конкурс ақпанның 7-сіне дейін жалғасады. Оған қалалық әкімдікте үй кезегінде тұрып, «Отбасы банк» АҚ-ында қаражат жинап жатқан облыс тұрғындары қатыса алады. Сонымен қатар, үміткерлердің жинақ шотында пәтер құнының кемінде 10 пайызы болуы керек. Кез-келген өңір тұрғыны 300 нөміріне тегін хабарласу арқылы, қосымша ақпарат ала-алады.
«Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының маманы Назерке Ғалымның айтуынша, әкімдік кезегінде тұрған кез-келген азамат «Баспана.кз» сайы арқылы өтінім бере алады. Онда 1, 2 немесе 3 пәтерлі бөлмелерге өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған.
http://petropavltv.kz/