«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.01.2021

KOZYBAYEV UNIVERSITY ДИПЛОМЫ ӨЗГЕРЕДІ

Kozybayev University дипломының мұқабасында Елтаңба бейнесінің орнына университеттің логотипі орналастырылмақ. Бұл 2021 жылдан бастап еліміздегі университеттер өз үлгісіндегі диплом бере бастауы тиіс деген өзгеріске байланысты болмақ.

КОНКУРС БАСТАЛДЫ

Бүгін «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша «Жас өркен» шағын ауданындағы 18 қабатты тұрғын үйге конкурс басталды. Көпқабатты үй Петропавлда Жамбыл көшесі, 49 мекенжайында орналасқан.

2020 жылы көпбалалы аналар 236 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды

2020 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 236,1 млрд теңгеге орта есеппен 392,4 мың отбасы қамтылды. Желтоқсан айында жәрдемақының бұл түрін жалпы сомасы 22 млрд. теңгеге 428,3 мың отбасы алды.

Дауыста, атыңды айтам!

Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Кө­зі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолында­ғы тая­ғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсы­нып: «Дауыста, атыңды айтам», – дейді. 

Қызықты логикалық сұрақтар

Баланың ойлау қабілетін дамытып отыру керек. Сол се­бепті сіздерге арнап, математикалық, күлкілі, оңай және қиын логикалық сұрақтар жинағын ұсынамыз. Бұл тапсыр­малар мектеп оқушыларына арналған.

Тиін — ең сүйкімді кеміргіш

Тиін – әрі епті, әрі жеңіл қи­мыл­дайтын, әрі жақсы өрмелей­тін және талдан талға оңай секі­ретін омыртқалы жануар. Қорек­тері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, ба­дам (миндаль), орман жаң­ға­ғы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары және жән­діктер. Ғылыми болжамдар бо­йынша дүние жүзіндегі миллион­даған ағаштар осы кеміргіштер­дің көміп-сақтаған, кейін ұмытып кеткен қауашақ сортты ағаш тұ­қым­дастарынан өсіп жетілуде. Тиіндер дәндер …

Тиін — ең сүйкімді кеміргіш Read More »

ЕСКІДЕН ҚҰТЫЛ, ЖАҢАҒА ҰМТЫЛ

Елімізде ескі көліктерді қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасына өзгеріс енгізілді. Көлік иелері тапсыратын құжат саны қысқартылып, шығарылған жылына қатысты талаптар өзгерді, төлемақы көлемі артты.

«Тақиялы періште» – Әлімғазы Райымбеков өмірден озды

Иісі қазақ сүйсініп көретін «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері, аты аңызға айналған актер, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков өмірден озды.

Асқар Мамин жаңартылған құрамда Үкіметтің алғашқы отырысын өткізді

Премьер-Министр Асқар Мамин жаңартылған құрамда Үкіметтің алғашқы отырысын өткізді. Жаңа тағайындалған ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мемлекеттік қызметші ретінде ант берді.