«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тиін — ең сүйкімді кеміргіш

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тиін – әрі епті, әрі жеңіл қи­мыл­дайтын, әрі жақсы өрмелей­тін және талдан талға оңай секі­ретін омыртқалы жануар. Қорек­тері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, ба­дам (миндаль), орман жаң­ға­ғы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары және жән­діктер. Ғылыми болжамдар бо­йынша дүние жүзіндегі миллион­даған ағаштар осы кеміргіштер­дің көміп-сақтаған, кейін ұмытып кеткен қауашақ сортты ағаш тұ­қым­дастарынан өсіп жетілуде. Тиіндер дәндер мен жаңғақтарды бөлек-бөлек топыраққа мұқият көмеді, не ағаш қуыстарына жа­сырады.

Дене тұрқы – 16-28 см., сал­ма­ғы – 450-600 г. Түсінің үстіңгі бө­лігі ақшыл сұр не жирен, қоңыр, ал астыңғы бөлігі толығымен ақ болып, үлпілдек, қалың жүнді, құй­рығы ұзын (23 см.-ге дейін) бо­лып келеді. Артқы аяқтары ұзы­нырақ және мықты болған соң ағаш­тан ағашқа қарай 10-12 метр­ге дейін секіре алады. Мұн­ша­лық­ты ұзындыққа секіруге оның үлпілдек құйрығы көмекте­се­ді. Көздері ірі және жылтыр. Орташа өмірі 10 жылға дейін.
Тиін – тұрғылықты аң, орман­ды және ағашты жерлерде, то­ғайларда мекендейді. Азықтары мол жылдары көбейіп, ал азық қоры аз жылдары саны өте кеміп кетеді. Қоректері аз жылдары олар ауып, ауыл шетіндегі бау-бақ­шаға, парктерге келеді. Еура­зия, Солтүстік және Оңтүстік Аме­риканың ормандарын мекендей­тін 40-тан астам түрі белгілі. Қа­зақстанның шығыс, орталық жә­не солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының қарағайлы орман­дарында мекендейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеуегіне, не жартас жарығына немесе тоқыл­дақ тескен ойықтарға 30-40 см. диаметрде салады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp