«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызықты логикалық сұрақтар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Баланың ойлау қабілетін дамытып отыру керек. Сол се­бепті сіздерге арнап, математикалық, күлкілі, оңай және қиын логикалық сұрақтар жинағын ұсынамыз. Бұл тапсыр­малар мектеп оқушыларына арналған.

1. Әйгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая және …..?
2. Нұр-Сұлтаннан Қараған­ды­ға жету үшін 2 сағат 30 минут қа­жет. Ал Қарағандыдан Нұр-Сұл­танға қайтуға 150 минут керек. Неге олай?
3. Қай сөз әрдайым дұрыс болып естіледі?
4. Ол сізге тиесілі, бірақ адам­дар оны сізден жиі қолданады?
5. Тауық өзін құспын деп айта ала ма?
6. Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе?
7. Аш қарынға неше стақан ай­ран ішуге болады?
8. Автобус ауылға жүріп келе жа­тыр. Ол қарама-қарсы бағытта ке­ле жатқан 3 автокөлікті көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр?
9. Саябақтың ішінде 6 орын­дық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Сая­бақта неше орындық қалды?
10. Оқушы мектепке 15 ми­нутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жол­ды қанша уақытта өтеді?
11. Термометр 15 градусты көр­се­тіп тұр. Дәл осындай екі термо­метр неше градусты көрсетеді? 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp