«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

KOZYBAYEV UNIVERSITY ДИПЛОМЫ ӨЗГЕРЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Kozybayev University дипломының мұқабасында Елтаңба бейнесінің орнына университеттің логотипі орналастырылмақ. Бұл 2021 жылдан бастап еліміздегі университеттер өз үлгісіндегі диплом бере бастауы тиіс деген өзгеріске байланысты болмақ.

 Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: «2021 жылдан бастап университеттер өз үлгісіндегі диплом бере бастайды. Сол арқылы университет диплом үшін, өздерінің атақ-абыройы үшін өз атынан жауап беретін болады. Сонда жұмыс беруші де жоғары оқу орнының білім беру сапасы мен деңгейіне қарап түлектерді жұмысқа алатын болады», – деген еді. Бүгінгі таңда Kozybayev University-нде 7546 студент бар. Оның 1846-ы соңғы курста оқып жүр. Бакалавр академиялық дәрежесінде1653, магистратурада 145 түлек. Бакалавр, магистр дипломдары және педагог мамандарға қайтадан даярлау сертификаттары жаңаша үлгіде беріледі.
Kozybayev University академиялық мәселелер бойынша басқарма мүшесінің міндетін атқарушы Жанар Таласпаеваның айтуынша, құжаттағы өзгерістерге байланысты ережелер қабылданды. Бұл ереже де, құжаттардың үлгісі де директорлардың қабылауында бекітілетін болады. Бүгінде барлық үлгілер даяр.
http://petropavltv.kz/  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp