«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дауыста, атыңды айтам!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Кө­зі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолында­ғы тая­ғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсы­нып: «Дауыста, атыңды айтам», – дейді. 

Таяқтың екінші ұшынан ұста­ған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады (Ойын­шылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады). Көзі бай­лан­ған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойын­шыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша, үш ойын­шының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp