Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында елде 34 блокбекет қойылғанын мәлім етті.
«Ведомство елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау органдарына шектеу шараларының сақталуына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта жекелеген өңірлердегі санитарлық-эпидемиялық қызметтің шешімдері негізінде 15 блокбекет қойылды. Алматы облысында – 9, Қостанай облысында – 4, Ақтөбе облысында – 2 және Атырау облысында 4 блокбекет бар», деді Е. Тұрғымбаев.
Министрдің айтуынша, карантин іс-шараларына 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылып, 290 карантин нысаны қоршалған.
https://egemen.kz