Бүгінгі таңда интернетті пайдаланбайтын адам кемде-кем. Қарым-қатынас орнатып, сауда-саттық жасап, тіпті, коммуналдық төлемдерді де осы интернеттің көмегімен төлеп жүрміз. Бірақ оны игі мақсаттардан бөлек, арам пиғылмен пайдаланатындар да аз емес. Интернетті жақсы меңгерген алаяқтар оңай олжаға кенелу үшін неше түрлі жаңа айлашарғылар ойлап тауып жатыр.
Талайды тақырға отырғызған интернет-алаяқтыққа түсінік беретін болсақ, ол – интернетке қосылған компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен бөтеннің ақшасын қолды ету. Яғни, интернет айдынында үйректей жүзіп, қаздай қалқыған қаскөйлердің көздегені – адамдарды алдап, жиған-тергенін жымқыру. Ақырында жәбірленушілердің полицияға жүгінуден басқа амалы қалмайды. Аңғалдығынан алданып қалғанын айтуға ұялып, істі жылы жауып қоя салғандардың да аз емес екені анық. Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің дерегінше, кейінгі 3 жылда елімізде интернет-алаяқтық үш есе өсіпті. 2018 жылы мұндай 4 мың қылмыс анықталған болса, 2019 жылы – 8 мың, ал былтырғы 11 айда 12 мыңнан астам алдану дерегі тіркеліпті.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.