«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.01.2021

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛАҒАТ КӨЗІ

Баланың болашағы отбасында­ғы ата-ананың берген тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты екенін өмірлік тәжірибе анық байқатып жүр. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген екен атам қазақ. Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, сүзгіден өткізген iзгi қасиеттерiн жеткіншектің тал бойына ұялата отырып, өмiрге деген көзқарасын және соған сай мiнез-құлқын қалыптастыру жолдары сан алуан. Ұлттық тәрбие бүгінгі таңда ауадай қажет. Қоғамда …

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛАҒАТ КӨЗІ Read More »

Асық ату – мектеп бағдарламасында

Асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар мектеп-гим­назияның оқу бағдарламасына енгізіліп, оқушылар көне құндылықтарымыздың қыр-сырына қанығып жүр. Ережелерін де меңгеріп алды.

Ұстаздық еткен жалықпас

Туып-өскен жерім – Қызылорда облысы Қармақшы ауданы. “Серпін” мемлекеттік бағдар­ламасы аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің педагогикалық факультетіне оқуға түсіп, қызыл дипломмен бітірдім. Оқу орнын үздік тамамдағанның артықшылығы сол, мамандыққа “модератор” деген санат қоса беріледі.

ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ТИІМДІ

Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен атқарушы органдар бірлесіп, дуалды оқытудың жол картасын жүзеге асыруда. Теориялық білімді тәжірибемен ұштастырудың оң ықпалы бар екенін түсінген білім беру мекемелері де осы жүйеге біртіндеп көше бастады. Солардың бірі – біздің кәсіби дайындық және сервис колледжі. Жобаның бір артықшылығы, биылдан бастап студенттердің білім алу кезіндегі мерзімі олардың жұмыс өтіліне қосылатын болады.

Жауапты кезең

Мұғалім! Осы бір сөздің астарын­да қаншама мағына, жүрекке сәуле себелейтін жылылық жатыр десеңші?! Мамандықтың бәрі жақсы екеніне талас жоқ. Дегенмен, жан-жақты білімділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін ұстаз тұғырының орны бөлек. Оқушының екінші ата-анасы іспеттес. Болашаққа жол сілтер, бағыт-бағдар берер ақылшысы десек те бек жарасымды. Ақыл-парасатымен талай “тентекті” жуасытып, небір “еркені” азамат қылып қалыптастырғанына әркім куә.

“ӨРКЕН” ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ

Назарбаев зияткерлік мектебін­де 6-сыныпқа құжат қабылдау бүгін аяқталады. Қорытынды тестілеу 11-12 наурыз күндері өтеді. Пан­демияға байланысты дарынды балаларға арналған мектепте білім алғысы келетіндер үшін бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, тапсырылатын құжаттар тізімі қайта түзіліп, сынақ екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқушылар математика мен жаратылыстанудан, екінші кезеңде гуманитарлық пәндерден бақ сынасады. Тест үш тілде өтеді. Сондай-ақ, …

“ӨРКЕН” ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ Read More »

ТАЛАП ӨЗГЕРДІ

2020 жылдың 1 шілдесінен бас­тап Білім және ғылым министрінің бұйрығы негізінде оқу ордаларының барлық деңгейлерінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жаңа жүйесі бірізділенді. Педагогикалық құрамға, ұстаздардың біліктілігін арттыру мен арнайы курстардан өту жұмыстарына, мектептердің материалдық-техникалық базасына, білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық құндылықтарға қойылатын талаптар қайта қаралып, тізбесі бекітілді. Онда мектептегі оқу …

ТАЛАП ӨЗГЕРДІ Read More »

ҚАТЫГЕЗ АНА

Петропавл қаласында 22 жастағы келіншек үш жасар қызын аса қатыгездікпен ұрғаны үшін айыпталып отыр. Облыстық балалар ауруханасынан Петропавл қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 3 жасар қыздың дене жарақатымен және ессіз күйде жеткізілгені туралы ақпарат түскен. Жансақтау бөлімінде жатқан балдырғанның жағдайы ауыр.

ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ СЫНЫБЫ

Қалалық Мәдениет үйі жанынан жас буын өкілдерін дәс­түрлі өнерге баулитын Үкілі Ыбырай атындағы сынып ашылды. Бұл жоба дәстүрлі әнші, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы Еркебұлан Қарыповтың бастамасымен жүзеге асып отыр.

ТЕПКЕН ДОБЫ МҮЛТ КЕТПЕГЕН

Туриндік “Ювентус” клубының және Пор­тугалия құрамасының шабуылшысы Криш­тиану Роналду футбол тарихында соңғы 66 жыл өзгермеген рекордты жаңартты. Күні кеше Италия суперкубогы үшін “Наполи­мен” өткен матчта “Ювентус” 2:0 есебімен жеңіске жетіп, Италия суперкубогын тоғы­зыншы рет жеңіп алған болатын. Бұл кездесуде Роналду спорттық мансабын­дағы 760-шы голды соғып, футбол тари­хындағы ең үздік бомбардир атанды. Ол – 15 мау­сым …

ТЕПКЕН ДОБЫ МҮЛТ КЕТПЕГЕН Read More »

ЖЕМТІК ІЗДЕГЕН ЖЫРТҚЫШ

Аптаның орта кезі. Түс ауа ұя­лы телефоныма белгісіз нөмірден қоңырау шалынды. – Алло, сіз пәленше боласыз ба (менің аты-жөнімді атап)?

ҚАМҚОРЛЫҚ ҚҰШАҒЫНДА

Қарияларға қамқорлық – әлеуметтік жұмыстың басты бағыттарының бірі. Сырқатқа шалдыққан немесе түрлі себептерге байланысты қиын жағдайға тап болған жандарды қорғаншылыққа алу міндеттері әртүрлі. Оларды өңірімізде әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары жүзеге асырады. Тайынша ауданында орналасқан “Надежда” орталығы денсаулығы нашарлаған, өзіне күтім жасай алмайтын қарттарға көмек көрсетіп, құқықтарының сақталуына жағдай жасайды.

САПАЛЫ ӨНІМГЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Пандемияға қарамастан өңіріміздегі кәсіпoрындар экoнoмикалық oң серпінді сақтап қалды. Кейбірі жаңа желілерді іске қoсса, екіншілері өндіріс көлемін арттырды. Сoлардың қатарында Петропавлдағы “Изoлит” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін атап өтуге бoлады.

ҚОМАҚТЫ СУБСИДИЯ, ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ

Қазіргі уақытта елімізде экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалуға айрықша көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Жолдауында кәсіпкерліктің өрісінің кеңеюіне, соның ішінде экономикалық тиімділігі мол кәсіп түрлерінің қанат жаюына ерекше маңыз берілген.

ЖҰМЫС АУҚЫМЫ КЕҢ

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихат жанындағы тұрақты комиссияның алғашқы отырысы өтті.

ОТТЕГІ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ

Өңірімізде “COVID-19” ін­детімен күрес шараларын жетілдіру мақсатында медицина ұйымдарының материалдық-техни­ка­лық базасын нығайтуға баса көңіл бөлініп отыр. Жуырда облыстық фтизиопульмонология орталығында оттегі станциясы іске қосылды. Емдеу мекемесі басшылығының хабарлауынша, станция тәулік бойы жансақтау және инфекция бөлімшелерін оттегімен қамтамасыз етпек.

Қазақ қызы АҚШ мемлекеттік департаментінде басшылық қызметке тағайындалды

«Әсел Төленова (қазіргі аты-жөні Asel Roberts) АҚШ мемлекеттік департаментінде басшылық қызметке тағайындалды» деген хабарлама 2021 жылдың 20 қаңтар күні АҚШ мемлекеттік департаменті (U.S. department of state) сайтында жарияланған.