«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Асық ату – мектеп бағдарламасында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар мектеп-гим­назияның оқу бағдарламасына енгізіліп, оқушылар көне құндылықтарымыздың қыр-сырына қанығып жүр. Ережелерін де меңгеріп алды.

Асық ату – қазақтың көне ойындарының бірі. Ұлдар осы ойынға жақын болса, қыздар “Бес асық” ойнағанды ұнатады. Қай-қайсысы болсын батыл­дық пен ептілікті, шапшаңдық пен ширақтықты қажет етеді.
Тоғызқұмалақтың да өзіндік ерекшеліктері бар. Ойлау жүйесін дамытуға бірден-бір себепкер. Математикалық сауаттылыққа, логикалық ой­лауға үйретеді.
Оқушыларымыз ұлттық ойын түрлері бойынша түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Солардың бірі 11 жастағы Асылжан Ерсайын былтыр республикалық сайыста үшінші орынды еншіледі.
Қазіргі уақытта өңірімізде ұлттық ойындарды мектеп бағдарламасына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біздің мектепте алғаш рет қолға алынып отырған жақсы бастама өз жалғасын табары және жемісін берері сөзсіз.
Қуат ХАЙРУЛЛИН,
Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp