«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫС АУҚЫМЫ КЕҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихат жанындағы тұрақты комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко жиналғандарға комиссия төрағасы мен мүшелерін таныстырғаннан кейін халық қалаулылары күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға кірісті.
Депутаттық өкілеттік, азаматтар құқығы, заңдылықтар, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Жалғасбаев жетекшілік еткен отырысқа комиссия мүшелері онлайн-форматта қатысып, биыл атқарылатын жұмыс жоспарларының басым бағыттарын айқындады. Комиссия құрамында “Ақ жол”, “Ауыл”, “Nur Otan” партияларының өкілдері бар.
– Алда қолға алынатын, шешімін табатын мәселелер аз емес, жұмыс ауқымы өте кең. Азаматтардың құқықтарын қорғаудан бастап, өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылау, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе іс-қимыл жасау, облыс тұрғындарының өмір сапасын және әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау бойынша шешімдер қабылдау – біздің негізгі міндетіміз,– дейді тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Жалғасбаев.
Қайрат САДЫҚОВ,
облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp