«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды індеттен сақ болуға шақырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев денсаулығы туралы айтты.

«Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкірлік. Менің тілеуімді тілеп отырған ата-анама, отбасыма, бауырларыма, өнердегі аға- әпкелеріме, достарыма мың алғыс. Ес білгелі бері елім алақанына салып әлдилеп келеді. Қадірлі ағайын, сіздердің тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз»,- деп жазды әнші «Instagram»-дағы парақшасында.
Сондай-ақ, ол қазақстандықтарды сақтануға және денсаулықтарын күтуге шақырды.
«Айналайын ағайын, індеттің бары рас. Сақтаныңыздар. Күтініңіздер. Бірінші байлық денсаулық екенін есте ұстайықшы. Қорыта келе, мен үшін алаңдаған баршаңызға рахмет. Мен сіздерді жақсы көремін. Ауырмаңыздар»,- деді ол.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp