«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТТЕГІ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде “COVID-19” ін­детімен күрес шараларын жетілдіру мақсатында медицина ұйымдарының материалдық-техни­ка­лық базасын нығайтуға баса көңіл бөлініп отыр. Жуырда облыстық фтизиопульмонология орталығында оттегі станциясы іске қосылды. Емдеу мекемесі басшылығының хабарлауынша, станция тәулік бойы жансақтау және инфекция бөлімшелерін оттегімен қамтамасыз етпек.

“CAN GAS CAPO сериясымен жасалған арнайы генератор медициналық оттегіні атмосфералық ауадан шығарады. Станция бір мезетте 150 мың литрге дейін оттегі өндіре алады. Қондырғы науқастарды оттегімен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде емдеу мекемемізде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз”, – дейді орталықтың бас дәрігері Қаныш Бижанов.
Фтизиопульмонология орталығы жанында коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдейтін инфекциялық стационар жұмыс істейді. Ақ халаттының айтуынша, мұндай оттегі әзірлейтін жабдық денсаулығы нашарлаған азаматтарға көп көмегін тигізбек.

Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústik Qazaqstan”.
СУРЕТТЕ: Оттегі станциясының инженері Нұрхан Тасболатов. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp