«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ СЫНЫБЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қалалық Мәдениет үйі жанынан жас буын өкілдерін дәс­түрлі өнерге баулитын Үкілі Ыбырай атындағы сынып ашылды. Бұл жоба дәстүрлі әнші, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы Еркебұлан Қарыповтың бастамасымен жүзеге асып отыр.

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Еркін Шүкімановтан білім алған өнерпаз жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген ынта-ықыласын арттыру мақсатында түрлі жұмыстарға ұйытқы болуда. “Атадан балаға мирас болған дәстүрлі әндерімізді бізге аманат етіп жеткізген Біржан мен Ақан сері, Үкілі Ыбырайдың шығармашылығы аға буын өкілдеріне ғана емес, жастарға да қызықты болуы тиіс. Бүгінде облыстық филармония Ақан серінің есімімен аталады. Қазақ классикалық музыкасының негізін қалаушы, халық сазгері Үкілі Ыбырайдың мұрасы арқылы да кейінгі буын арасында ұлттық өнерге деген құрметті қалыптастыруды жөн сана­дық. Сабаққа қатысушылар өзге де дәстүрлі өнер тарландарының шығармашылығымен танысып, ән айтуға ма­шықтанатын болады”, – дейді Еркебұлан Қарыпов.
Әзірге дәстүрлі ән сыныбына қабылдау шаралары жүріп жатқаны әлеуметтік желілер арқылы хабарланған. Дәстүрлі әнші жуық арада шәкірттерге сабақ беруге көшпек.

Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústіk Qazaqstan”.

 

Сурет: petropavlmaps.r
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp